Спортпен айналысамын.
Жаңа жыл басталысымен мен өз - өзіме «дәл бүгіннен бастап спортпен шұғылданамын» деп уәде бердім. Себебі, «еріншектің ертеңі бітпес» дегендей, спортпен шұғылдануды ертеңге қалдыруға болмайды. Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Біраз уақыт жаттығып алғаннан соң мәнерлеп сырғанау үйірмесіне жазылғым келеді. Себебі, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Мен жекелеп сырғанау бағытын таңдағым келеді, сонымен қатар музыкаға икемім де бар, жаттығу маған қиын болмайды деп ойлаймын.
Мәнерлеп сырғанау адам бойында кербездік пен сұлулықты дамытып, адамды шыңдай түседі. Бірақ өте әдемі спорт түрі болғанымен қиындығы да қатар жүреді. Мысалға, айтатын болсақ, бұл спорт түрінде ауыр жарақаттар жиі кездеседі, екіншіден, жаттығу жұмыстары күнделікті бірнеше сағаттан болып отырады, көп қаражат пен уақытты талап етеді. Дегенмен, осы қиыншылықтардың бәрінен бас тартпай, осыншама әсем спорт түрімен айналысатын спортшылардың алдында бас игім келеді.
Мен болашақта үлкен спортшы болмасам да, бұл спорт түрімен өзім үшін айналысамын, сонымен қатар осы спорт түрінен өткізілетін барлық жарыстарды үзбей көріп отырамын.
— Омар мырза, 7 жыл бұрын өмірімде үлкен өзгеріс болды дедіңіз. Ол қандай өзгеріс?
- Дастан арбамен биден әлемнің бірнеше елінде параолимпиадалық жарысқа қатысқан. Ол маған осы би туралы айтып, суреттерін көрсетті. Арбада билеген маған ұнай бастады. Еліміздің түкпір-түкпіріне жарысқа бардым.
- Қандай жетістіктеріңіз бар?
— Алматы, Қарағанды, Қостанай, Шымкент, Қызылорда тағы басқа қалаларда би байқауына қатысып, басында мадақтама қағаздарын, кейін үшінші орын, сосын бірінші орын алдым.
– Сонда арбамен билеп бастағаннан кейін өзіңізге деген сенімділік пайда болды ғой, ә?
Арбамен билеу өміріме мән берді.
— Иә, мүмкін екі аяқта тік тұрсам, жүре алсам, бұлай билей алмас па едім?
— Кім жаттықтырады?
— Хореограф Әлия Майданова жаттықтырады, би үйретеді. Екеуміз қойылым қоямыз.
– Омар, алған бетіңізден қайтпай, биік белестерді бағындыруыңызға тілектеспіз. Сізге сенеміз. Екеуміздің сұхбатымыз үйде арбада отырған жас буынның да сенімін, үміт отын оятар деп ойлаймын.
– Рақмет!