Объяснение:
Тіл адамдардың сөйлесуі үшін кеңінен олданылатын ақпарат алмасу құралы. Ал адамның ана тілі, яғни мемлекеттік тілі нені білдіреді? Менің ойымша, тәрбиенің ең төменгі сатысы осы тілді құрметтеуден басталуы керек. Әр адам үшін оның мемлекеттік тілі адам өміріде үлкен рөл атқарады. Сондықтан оны құрметтей білу, өз ана тілін жетік меңгеру әр адамзаттың борышы болмақ. Осыдан соң көкейімде мемлекеттік тіл мен үшін не? деген сұрақ туындады. Сонымен, мемлекетті тіл менің өмірім деген ұстанымға тоқталдым. Өйткені, егер тілім болмаса мен кім болар едім? Сөздің ала жігін ажырата алмайтын адам болып өсер ме едім? Қазақ тілінің бар кереметін сезіне де алмас едім.
Тіл – Алла тағаланың адамдарға берген сыйы, сол үшін біз оны қадірлеуіміз керек. Мен өз қазақ тілімді жақсы көремін. Ол әлемдегі ең бай тілдердің қатарына кіреді. Тілдің көмегімен адамдар бір-бірімен байланысады, ақпарат таратады, жаңа нәрселер үйренеді және ғылымды дамыта алады. Адамзат қол жеткізген жетістіктер, олсыз жүзеге а еді. Егер біз сөйлеу қабілетіне ие болмаған жағдайда, өміріміз қандай болатындығын елестетіп көріңіз. Көп адам, қазақ тілінде жаңа сөздердің пайда болуына қарсы, бірақ мен мұны қолдаймын. Өйткені, әрбір ақылды адам, ана тілін дамытуға тырысу керек.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.