Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз. ХIХ ғасырдың аяғында қазақ халқын саяси жағынан қайта түлету қажет екенін айқын түсінген қазақ зиялылары қалыптаса бастады. Қазақ зиялылары арасында елжанды саясаткерлер шықты. Олар-көрнекті ғалымдар, жоғары білімді адамдар.
Түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Тоғыз жасында орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебіне оқуға түседі. 1895 жылы педагогикалық кеңестің шешімімен "бастауыш училищенің оқытушысы" деген атақты алып шығады. Ахметтің саяси жолы 33 жасында басталды.1905 жылдан саясатқа араласты. Ол жер мәселесі жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болған.
Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы. Махамбет жас шағында Жәңгір ханның қолында болады, бірақ туысынан өр мінез, өжет жанды Махамбет хан сарайында әділетсіздік пен теңсіздіктің куәсі рөлінде ұзақ тұра алмайды, көп кешікпей өзі шыққан халықтың арасына оралады. Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісінің Махамбет ең белсенді ұйымдастырушыларының бірі, жалынды жаршысы болды.
Бүгін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, әдебиет сыншысы, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескен, "шындықтың шырақшысы" атанған, халқы "аға" деп сүйіспеншілікпен әспеттенген Тәкен Әлімқұлов. Жазушы шығармаларының негізгі тақырыбы-ауыл тіршілігі, адам тағдыры. Ол Абай, Махамбет секілді тарихи тұлғалардың өмірі жайлы көркем шығармалар жазды.
1. Мәтіннен күрделі, туынды зат есімдерді және туынды сын есімдерді теріп жазу.Из текста написать по 7 сложные имя существительное, 7 производное имя существительное и 7 производное имя прилагательное [2]
2. Мәтіннің мазмұны бойынша 2 «шын» ақпаратты белгілеңіз.
Из текста определить 2 правдивых предложение. [2]
А)Тәкен Әлімқұлов - атақты күйшілердің бірі.
B) Махамбет жас шағында Жәңгір ханның қолында болды.
C) 1805 жылдан бастап саясатқа араласты.
D) Ахметтің саяси жолы отыз үш жасында басталды.
Бір күні Сократ хакім бір Аристодим деген ғалым шәкіртіне құдай табарака уа тағалаға құлшылық қылмақ турасында айтқан сөзі. Ол өзі құлшылық қылғандарға күлуші еді.
- Әй, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, қылған өнерлері себепті адам таңырқауға лайықты? - деді.
Ол айтты:
Толып жатыр, қазірет.
Бірінің атын аташы, - дейді.
Гомерге бәйітшілігі себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің сыйпатына түспектік, Зевксиске суретшілігі себепті таңырқаймын, - деп, соған ұқсаған неше онан басқа өнерлері әшкере болған жандарды айтты.
Объяснение:
Жә, олай болса һәмма мақұлыққа да қара, өзіңе де қара, жанды бәрімізге де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ. Хайуанға берген денеге қара, адамға берген денеге қара. Адам екі аяғына басып тік тұрып, дүниені тегіс көрмекке, тегіс тексермекке лайықты һәм өзге хайуандарды құлданарлық, пайдасын көрерлік лайығы бар. Хайуанның бірі аяғына сеніп жүр, бір өзіңдей хайуанды құлданарлық лайығы жоқ. Адам өзі өзіне сенбесе, адамды да хайуан секілді қылып жаратса, ешнәрсеге жарамас еді. Хайуанға адамның ақылын берсе, мұнша шеберлік, мұнша даркарлік, бір-біріне ғылым үйретерлік шешендік салахият ол денеге лайықты келмейді. Қай өгіз шаһар жасап, құрал жасап, неше түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберліктің үдесінен шығарлық қисыны бар? Бірақ а болмаса, бұл ғажайып ақылды және ғажайыппен жасаған денеге кіргізіп, мұнша салахият иесі қылғаны хиқметпенен өзге хайуанға сұлтан қылғандығына дәлел емес пе? Ол дәлел болса, а артық көріп, қамын әуелден алланың өзі ойлап жасағанына да дәлел емес пе? Енді а ң құлшылық қылмаққа қарыздар екені мағлұм болмай ма? - депті.