қайтті? (немесе не істеп? қайтіп? не істесе? т. б. тұлғалардағы) деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, Көп ойнасаң, бала боласың (мақал). Көкек көріп қарлығашты қиғаш келіп амандасты (Ш. Смақанұлы). Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім, Басқаға жануарды теңгермедім (С. С). Берілген мысалда ойласаң, ойнасаң (сен не істесең?), боласың (сен не істейсің?), көріп, келіп (көкек не істеп?), амандасты (көкек не істеді), көрмедім, теңгермедім (мен не істедім?) деген сөздер заттардың (сен, көкек, мен) қимылын, іс-әрекетін білдіріп тұр. Сондықтан бұл сөздер етістік болып табылады.
Етістік құрамына қарай негізгі түбір етістік және туынды түбір етістік болып бөлінеді. Сөздің негізгі түбірі етістік болса, ол негізгі етістік деп аталады. Мысалы: кел, бар, жүр, көр, бер, ал, қойды, айтты, жайды, үйіп, көріп, алған, салған т. б.
Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды түбір немесе туынды етістік деп аталады. Мысалы: ойна, шегеледі, қарайып, көгерген, басқарса, кушейіп т. б. деген етістіктер ойын, шеге, қара, көк, бас, күш деген түбірлерге (есім сөздерге) -а, -ле, -й, -ер, -қар, -ей жұрнақтары жалғану арқылы етістік жасалған.
Туынды етістіктер басқа сөз таптарынан (есімдер мен еліктеуіш сөздерден) белгілі жұрнақтар арқылы жасалады. Ол жұрнақтар мыналар:
1. -ла, -ле, -да, -де, -та, -те; шеге-ле, таза-ла, бас-та, т. б.
2. -а, -е: ойн-а, бос-а, мін-е т. б.
3. -ай, -ей, -й: мол-ай, аз-ай, көб-ей, қара-й т. б.
4. -ар, -ер, -р: ағ-ар, көг-ер, қысқа-р т. б.
5. -ғар, -гер, -қар, -кер: бас-қар, ес-кер, тең-гер т. б.
7. -ыра, -іре: сарқ-ыра, жарқ-ыра, желб-іре т. б.
Етістік грамматикалық тұлғаларға бай сөз табы болып табылады. Қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі мәнді болуымен бірге етістік сөйлемде сол қимылды атқарушы субъектімен және объектімен әр қилы қатынасына байланысты (шақтык, жақтық, райға қатысты), болу-болмауына байланысты т. б. мәндік ерекшеліктерді білдіріп отырады. Олардың әрқайсысы белгілі тұлғалар арқылы жасалады.
Етістіктің ондай ерекшеліктері негізгі және көмекші етістік, дара және күрделі етістік, болымды және болымсыз етістік, сабақты және салт етістік болып бөлінуімен, сондай-ақ етіс, шақ, рай категорияларынан, көсемше, есімше, тұйық етістік сияқты ерекше тұлғаларынан, жіктелуінен көрінеді.
Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Кейде етістіктің болымды және болымсыз, сабақты және салт етістік пен етіс түрлері лексика-грамматикалык категориялары, шақ, рай, жақ (жіктелу) түрлері грамматикалық категориялары деп те аталады.
Менің мақсатым
А кемелденіп, өзін ұштау үшін алдына мақсат қойып, діттегеніне жете білуі қажет. Мен кішкентай күнімнен жазушы болуды армандаймын. Мақсатым мен арманым ұштасып жатыр. Жазушы болып, өмір шындығын бейнелеп, адамдарға-күш жігер беретін шығармалар жазсам деймін. Өмір болған соң барлығы да болады. Адамдар қуанады, жабығады. Еңсесі түсіп, жігері құм болған кезде бір ауыз жылы сөздің өзі бойына шипа, дертіне ем болуы мүмкін. Өкініштісі сол, бір-бірімізді бірден түсініп, қажет кезінде көмек қолын соза бермейміз. Бір ауыз жылы сөздің өзін оңайлықпен айта қоймаймыз. Ал оның өзгенің өміріне ықпалы болар ма еді?..
Мен жылағанның жасын құрғататын, жабыққанды құшағына қысатын, еңсесі түскенге жігер беретін, қайсар рух сыйлайтын, өмірмен күресуге үндейтін туындылар жазғым келеді. Оқып отырып, жан жарасын емдеп, күш алып, қанаттанса деймін. Сөздің қасиеті үлкен ғой. Жылы сөзбен жандарын емдесем деймін. Сонда әлемнің бақытты болуына тамшыдай болсын үлес қосар едім.
Объяснение:
дурыс деп оилаимын
Әрбір адам мүмкіндігінше дәрумендерді пайдаланынп тұрғаны дұрыс, маусым арасында адам ағзасы дәрумендерді аса көп қажет етеді. Мүмкіндігінше табиғи дәрумендерді қолданған дұрыс. Табиғи дәрумен дегеніміз – жеміс – жидек, көкөністер. Дегенмен, оларды қолданған кезде де маусымына қарай пісетіндерін қолдану керек. Жеміс-жидек пен көкөністер әрқайсысында өздеріне тән, ерекше дәрумендері болады. Бірінің құрамында С витамині басым болса, енді екіншісі А витаминіне бай, басқасы асқазанға, жүрек жұмысына, ас қорытуға т.б. пайдалы. Біздің үйімізде маусымына байланысты түрлі жеміс тер көкөністер жиі қолданылады.
Әр түрлі көкөністер, жеміс - жидектер мен тағамдардың құрамында өздеріне тән ерекше дәрумендері болады. Маусымарасында ағзамызға дәрумендер жетіспеген уақытта қажетті көкөніс немесе тағамды пайдалану арқылы ағзамызды дәрумендермен байыта аламыз. Сонымен қатар, айта кететін бір жайт - қазақ халқының сүт тағамдары дәрумендерге ерекше бай. Мысалға, ұлттық сусын қымыздың бір литрінде 200-260 мг С дәрумені бар екен. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобындағы В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені және ағзадағы тотығу-тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, сондай-ақ, А тобы дәрумендері кездеседі.
Объяснение: