
Менің сүйікті ертегім.
Қазақ ауыз әдебиетінде жақсылыққа баулитын аңыз-әңгіме,ертегілер көп.Солардың ішіндегі маған ең ұнамдысы- "Алтын сақа" ертегісі.Бұл ертегінің желісі бойынша бір бай перзентке зар болып,ақырында зарыға жүріп перзентті болады.Ойда жоқта жалмауыз кемпірдің қолына түсіп,жалғыз перзентін өз бостандығына айыр бастайды.Әкесі әдейілеп жұртта қалдырып кеткен алтын сақасын іздеп келген бала жалмауыз кемпірден қаша жүріп қиындықтарға қаймықпай төтеп береді.Баланың төбеттері жалмауыз кемпірді талап өлтірсе,баланың өзі оның қызын көзінен садақпен атып өлтіреді.Міне,осылайша ертегі аяқталады.Ертегінің бас кейіпкері баладан біздің үйренеріміз көп.Себебі,ол ақылды да,батыр,батыл,қайсарлы да айлакер бола білді.Сондықтан да аталмыш ертегі менің ең сүйікті де жақсы көріп оқитын ертегім.
Қазақ халқының ертегілерінің қай қайсысы болмасы оқуға тұрарлық.Олардың әрқайсысында үлкен тәрбиелік мән жатыр деп білемін.
1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді.