Диалог - Сен қандай сандарды қасиетті деп санайсың? - Мен үшін жеті саны - ең қасиетті сан. - Неліктен? Бұл сан туралы не білесің? - Жеті қазына, жеті ата, аптаның жеті күні де осы санмен байланысты. Сен үшін қандай сандар қасиетті? - Мен үш санын қасиетті сан деп есептеймін. - Бұл санның қандай қаситеі бар? - Үш жұрт, үш арыс, үш бәйтерек деген ұғымдар бар. - Демек қазақтың киелі сандарының астарында үлкен мән жатыр. - Ия, басқа да киелі сандар туралы оқып-білгеніміз дұрыс.
Қазақстанда ормандар өте сирек кездеседі, себебі бұл жерде негізінен дала мен жазықтық. Сондықтан Қазақстанда орманды өте бағалайды. Қазақстанда үлкен ормандар екеу ғана: Тянь-Шань және Алтай ормандары.
Тянь-Шаньда қылқан жапырақты орман, ол жақта атақты тянь-шань шыршасы өседі.
Алтай орманында биіктігіне байланысты ағаштың бірнеше түрі өседі.
Мысалы: таудың жоғарғы және орта бөліктерінде қылқан жапырақтылар тұқымдастары өседі, ал қайыңдар төмендеу өседі. Адамдар үшін ормандардың маңызы зор, бұл жердің өкпесі!