М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
LetMaria
LetMaria
29.08.2020 09:45 •  Қазақ тiлi

1.«Қазақстан-ұлы дала елі» тақырыбында 10 сөйлемнен тұратын мәтін құрап жазыңыз.

👇
Ответ:
Ychenik77
Ychenik77
29.08.2020

ҚАЗАҚСТАН «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ»

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөзі ел арасында кеңінен қолдау тапты.

Берілген айдарда Сіздерге Елбасының сөзінде көтерілген идеялар мен ұсыныстарға жолдаған бірнеше пікірлерді ұсынып отырмыз.

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – БАБАЛАРДЫҢ АРМАНЫ,

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚСАТЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Астана қаласында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста жасаған баяндамасында “Мәңгілік Ел ” болуға бет алған бүгінгі халқының барша тарихына талдау жасалды. Ұлтымыздың бірнеше мың жылдық өткен мерзіміндегі қазіргі ұрпағы үлгі тұтар, сабақ алар кезеңдерін саралады.

Кең байтақ қазіргі қазақ даласында өмір сүріп, дамыған тікелей арғы бабаларымыз негіздеген, сол уақыттағы әлемдік дамуда шешуші орындары болған Ұлы мемлекеттік бірлестіктердің Отандық және әлемдік тарихтағы алған орнына баға берді.

Елбасы баяндамасының негізгі мазмұны қазіргі қазақстандықтардың, соның ішінде жас ұрпақтың осындай бабалар тарихын білу арқылы оның ерлікке толы беттеріне мақтанып, өкінішті кезеңдерінен сабақ алуға шақыруымен ерекшеленді.

Соның ішінде әсіресе, жоғарыдағы аталған Ұлы мемлекеттердің заңды мұрагері, тура осыдан 550 жыл бұрын өмірге келген Қазақ хандығының құрылып, дамуының тарихи заңдылығы жан-жақты баяндалды. Жаңа мемлекеттің территориясын негіздеу, оның қуаттылығын арттырудағы, дербестігін қамтамасыз етудегі қазақ хандарының қызметтеріне талдау берілді.

Осылармен қатар белгілі мерзімде қуатты жұртқа айналған хандықтың әлсіреу кезеңін сипаттап, оның себептерін ашып көрсетті. Еркіндігінен айырылып, басқаға тәуелділікке өткен қазақ халқының ауыр тарихын баршамыздың есімізге салды.

Елбасы осы баяндамасында халқымыздың тарихындағы осындай жағдайдың орын алуының себептерін ашып көрсетті. Одан сабақ алудағы ұлтымыздың тарихын білудің маңызына тоқтады.

Егемендікке қол жеткізген қазіргі Қазақстан мемлекетінің жетістіктерін саралады, дүниежүзілік қауымдастықтың белді мүшесі ретіндегі қазіргі жаһандану заманындағы оның алдында тұрған міндеттерді айқындады. Қазақстанның егемендік жылдарындағы көптеген әлемдік тұрғыдағы игі бастамалардың негіздеушісі болып отырғандығы Елбасының баяндамасында барынша көрініс тапты.

Тәуелсіз Еліміздің болашағы оны мекендеп отырған жүзден астам ұлттардың өзара түсіністігі, теңдігі, силастығы мен ұғыныстылығында екендігін Президент баса айтып өтті. Осы бағыттағы еліміздегі атқарылып отырған келелі істердің ауқымы мен нәтижесіне тоқтады.

Елбасы “Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз-солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз –Ұлы істердің ұйтқысы болған Ұлы Дала Елі! Бұл-біздің таңдауымыз!” деп көрсетіп, халқымыздың алдында тұрған міндеттерді атады.

4,5(37 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ангел769
ангел769
29.08.2020

Пейіш, тозақ таласар, таласуда баян бар,

Тозақ айтар: мен артық, менде Перғауын, Һаман бар.

Пейіш айтар: білмейсің, сенде қандай талғам бар?! –

Перғауын, Һаман сенде-дүр, менде Жүсіп, Кенған бар.

Тозақ айтар: мен артық, дүниепарас көп құл жүр,

Қолдарына салынған алмас кісен, от-шынжыр.

Пейіш айтар: мен артық, мен – Пайғамбар мекені,

Алдарында олардың: кәусар, һүр мен нөкері.

Тозақ айтар: мен артық, менде жөйіт, тарса бар,

Жөйіт, тарса тәндерін сансыз азап паршалар.

Пейіш айтар: мен артық, менде иманды құлдар бар,

Момындардың алдында шексіз нығмет – гүлзар бар.

Тозақ айтар: мен артық, залым құлдар бар менде,

Залымдарға беретін зәһар – менде, зәр – менде.

Пейіш айтар: мен артық, ғалым құлдар – төрімде,

Аят, Хадис, Құран бар ғалымдардың көңілінде.

Тозақ айтар: мен артық, алаяқ бар – қойнымда,

Оттан ескен кісен бар мұнафықтар мойнында.

Пейіш айтар: мен артық, менде – хақ жол тұтқандар,

Сопылардың көңілінде Зікір, Пікір, Сұбхан бар.

Тозақ айтар: мен артық, бейнамазды аяр бар,

Бейнамаздың мойнында жылан менен шаян бар.

Пейіш айтар: мен артық, менде – Дидар-Мұратың,

Жар Дидарын көрсетер бар Рахман – Рахым.

Тозақ сонда тақ тұрды, пейіш көкке самғады, ал,

Құл Қожа Ахмет, не білдің? –

Білдіруші Алла бар.

4,7(15 оценок)
Ответ:
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді. Ыбырай дың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырай ға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868—1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады. Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді. Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырай дың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды. Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д.И.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды. Ыбырай дің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды.
4,7(9 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ