М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Spale4ik
Spale4ik
15.05.2023 19:16 •  Қазақ тiлi

3. Мәтінде қандай ұлттық ойындар туралы айтылады? Атауларын жаз. Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары
араласқан. Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, аңшы,
құсбегі – бесаспап азамат етіп, тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті,
ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап, ат жалын
тартып, азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан,
теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне
баулыған. Әсіресе әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан
тәсілдерін үйретіп баққан.
Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып, күй шерткізу,
өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ,
сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенің басты шарты болып
есептелген.
Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай батып, судай сіңіп»
кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. Қасиетті ана қызының
тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан-ақ қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Халқымыз
«келіннің – аяғынан, қойшының таяғынан» дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайынтуыс, ауыл арасындағы беделін, болашақ ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие беруін келіннің
жақсы-жаман қасиеттерімен өлшеген

👇
Ответ:
nikolajsagirov
nikolajsagirov
15.05.2023

вот ответ надеюсь правильно


3. Мәтінде қандай ұлттық ойындар туралы айтылады? Атауларын жаз. Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкі
4,4(91 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
oksa19
oksa19
15.05.2023

Сипаттау мәтіні дегеніміз белгілі бір нәрсенің құбылыстың сын сипатын егжей тегжейлі сипаттайтын мәтін түрі. Сипаттау мәтінің басқа мәтіндерден айырмашылығы: етістіктері өткен немесе осы шақта қолданылады; сипаттама тілі (сын есімдер, үстеулер); көңіл күй етістіктері мен нақты зат есімдер; сенсорлық елестетуді қолданады; сипаттау үшін салыстыруды қолданады. Сипаттау мәтінін табиғат көріністерін, адам портреті бейнесі т.б. сын есімдер, үстеу түрлерін қолданылып, заттар салытырмалы түрде сипатталуында көре аламыз.

Әңгімелеу мәтіні Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Әңгімелеу мәтінінің ерекшелігі: 1) Мәтін «не істейді, не істеді» деген сұрақтарға жауап береді. 2) Тірек сөздері - етістіктерден болады. 3) Сөйлемдер тізбектеле байланысады. Мәтін соңына қарай негізгі ой айтылады.

Пайымдау мәтіні Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. 1) Пайымдау мәтіні «Неліктен?» деген сұраққа жауап береді. 2) Бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді.

3) Тірек сөздері - "өйткені", "себебі", "біріншіден ", "екіншіден,"--- деген сөздер

4,8(19 оценок)
Ответ:
kuliksvera
kuliksvera
15.05.2023

Жауаптар:

1) "Қыз Жібек" жыры - қазақтың ең көне лиро-эпостық жырларының бірі.

2) ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамында жеке бастың, сезімнің бостандығы, махаббат еркіндігі туралы мәселе мұндай деңгейде ашық айтыла бермеген кезі суреттелген.

3) Алғаш рет 1894 ж. бастырылған.

4) Батыс Қазақстан жері.

5) Жырдың негізгі кейіпкерлері:Төлеген,Жібек,Бекежан,Қаршыға, Сансызбай,Базарбай, Сырлыбай т.б.

6) Жыр мазмұнының негізгі арқауы - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар,бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры.

7) Ең алғаш Жібек туралы Төлеген өз елінде жүргенде естіп, сұлуды іздеп шығады.Содан соң Жібек жайында Қаршығадан қанығып,оны көруге асығады. Сөйтіп, Қаршығаға ілесіп, көштің соңына түседі. Көш үлкен, аяғынан басына дейін баруға тура келеді. Жол бойы бірінен бірі әдемі он үш қызды көреді.Олардың бәрі Жібек болмай шығады.Кейін Жібекпен алғаш кездескенде оның сұлулығы бейнеледі.

8) Қыз Жібек" жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. Екі бөлім - екі оқиғаны жырлайды, бірақ сюжет біреу: жігіттің үйленуі баяндалады.

9) "Қыз Жібек" жырының шығуы сол дәуірдің өзінде-ақ халықтың идеал туралы эстетикалық пайым-түсінігінде белгілі бір дәрежеде өзгеріс болғанын айғақтайды.Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі - сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір себебі осында.

10) Базарбай - Төлегеннің әкесі.

11) Төлеген - жырдың бас кейіпкері,Жібектің сүйгені,Базарбайдың баласы.Ол бай болуды, батыр болуды көксемейді.Оның арманы - өзіне лайықты сұлуды сүю, соны өзіне өмірлік жар ету. Ал Сансызбай - Төлегеннің інісі,ісін жалғастырушы.

12) Жібек туралы Төлеген Қаршығадан естиді.

13) Төлеген қасына бірнеше нөкер ертіп,"жылқыдан екі жүз елу жорға алып, бірнеше күн жол жүріп" Жібекті іздеп,қыздың көшіне келеді.

14) Жырда қыздардың келбеті өте шебер суреттелген, оларды көрген Төлеген енді тезірек Жібекті көруге ынтығады. "Қаршығадан озып, Жібектің күймесіне бұрын жетеді. Бірақ Жібек онымен "сөйлесуге намыстанады". Тек Қаршығаның үгітінен кейін ғана Жібек "бетін бір ашып, жарқ етіп көрініп, амандасты да, қайтадан бетін жауып, пәуескенің қақпағын түймелеп, жатып қалды".Осылайша екеуі алғаш кездескен еді.

15) Жібектің ағасы Қаршыға көмектеседі.

16)  Бекежан - романдық эпостағы дәстүрлі кейіпкер, яғни екі ғашықтың ортасында жүрген қастангер.

17)  "Егер Алла бұйырса, мен қаздармен бірге келемін" деп,аман-сау оралатынына уәде береді.

18) Базарбай баласының тілегін қолдамай,оған оң батасын бермейді.

19) Төлегеннің жолын Жібек 8 жыл күтеді.

20) Жібек кейін Сансызбайға тұрмысқа шығады.Жібек марқұм болған жарының өсиеті мен ата салтын орындау үшін ғана тимейді Сансызбайға.Ол өзі ғашық болады, сөйтіп, оның Төлегенге деген іңкәрлігі Сансызбайға ауысады.

4,4(37 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ