Қорқыт атаның кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның қанатты сөзге айналған нақыл сөзі мынадай: «Қар қалың жауса да, көктемге дейін қалмайды, жайқалып өскен көк майса күзге дейін қалмайды. Ескі мақта мата болмас, ескі жауың дос болмас. Сулар тарам-тарам болып, қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас. Қар қаншама қалың жауғанмен- жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек күзге бармас. Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас болмас. Қайы ара балтасыз жау алынбас. Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды».
Осындай қанатты сөздерін қазақ мақал-мәтелдеріне ұқсатып мазмұнына қарай тақырыптарға бөлдім:
Қорқыт атаның тұрмыстық қажеттіліктерге
байланысты нақыл сөздері:
Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ
несібесінен артығын жемес
Мыңғырған мал жиғанмен адам жомарт атанбас,
Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды
Алла, алла демейінше іс өнбес, қадір тәңірі демейінше ер байымас
Баба малынан не пайда, баста дәулет болмаса
Қонақ келмеген қара үйдің құлағаны игі
Шабуын білмеген оқалы (үкілі) қылыштан шоқпар артық
Бидай — астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда алты түрі (Еділ бидайы, Полыпа бидайы, көже бидай, жұмсак бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі.
Бидай қоңырбастар тұқымдасына жатады да, 22 түрді біріктіреді. Дәннің гүл қабықшаларынан ажыратылу дәрежесіне қарай барлық бидай түрлері жалаңаш дәнді немесе нагыз бидайлар жөне қабықты немесе полба бидайлары болып екі топқа бөлінеді. Жалаңаш дәнді (нағыз) бидайлардың масағы сынбайды, қалыпты жағдайда бастырғанда дәндері қабықшалардан жеңіл ажыратылады (жұмсақ, қатты, карлик, персикум, т.б. бидайлар). Қабықты (полба) түрлерінің масағы опырылғыш және бастырғанда өте қиын үгітіледі (спельта, мәдени бірдәнді, қосдәнді, зандури, т.б. бидайлар). Бидай түрлерінің ішінде барынша маңыздыларына жұмсақ және қатты бидайлар жатады.
Бабалардан қалған асыл сөздерді сарқып, жыр-мұраларды парақтар болсақ, ер жігіт, ер азаматқа қатысты өте көп сын-сипатты ұшырастыруға болады. Мәселен, батырлар жырында еркектің бейнесі «еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қыр мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, апай төсті, өткір тісті, жуан білекті, қапсағай денелі, бура санды, кең жауырынды, от ауызды, орақ тілді, темірдей саусақты, жау жүректі, сергек ойлы, ширақ қимылды, кескін сөзді, кесек бітімді, қырандай алғыр болуы тиіс