Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Сөз жоқ үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты.
Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Әке көрген оқ жонар...» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұлдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Халқымыз ер баланы 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескертетін болған. «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын. Дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы, шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. Қазақта бір кісі қайтыс болса, артында қалған ұлы бар ма еді деген сауалы болады. Бар деген жауап естісе, «орнында бар оңалар» деп бата береді. Отбасындағы ер баланың өз орны бар. Мысалы, тұңғыш ұл – кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы бардың – жағасы бар» деп арқа сүйеген. Кенже ұл – шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау құрып жатса да кенже ұл әке-шешенің қолында қалады. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға – «жігіт сыны» деп аталады. Осы орайда ойға оларға берілетін тәрбиенің артықшылығы неде деген сұрақ оралады. Өйткені сәбидің бесік жырына құлағын қандырудан бастап, ауыз әдебиеті мен ата-баба тарихына сусындату тәрбие маңыздылығын сезіндіріп қана қоймайды, нәтиже де берері анық.
Объяснение:
Орта ғасырдағы Орта Азия елдерінің көрнекті ғұлама ғалымдары: Әбу Райхан Бируни, әл-Хорезми, Әбу Әли ибн Сина, Ұлықбек, әл-Фараби т.б.
Осы ғасыр кезенде әдебиет пен сәулет өнері дамыған.
Орта ғасырдағы атақты ақындардың бірі '''Фирдоуси''' (940-1030) болды. Парсы, тәжік халқының ұлы ақыны атанған ол «Шахнама» поэмасын жазу үшін 30 жылдан астам уақытын жұмсады. Бұл шығармада өз елін жаулап алушыларға қарсы халық құресі баяндалады, аты аңызға айналған батырлардың ерліктері мадақталады. Ақын «өмірлік нанын өз еңбегімен табушылар» туралы құрметпен жазады.
ХЫ ғасырда Қарахан дәуірінде өмір сүрген ақын, ойшыл ғалымдардың бірі Жүсіп Баласағұни болды. Оның 1069 жылы жазылған атақты шығармасы, ХЫ ғасырдағы түрік әдебиетінің ескерткіштері қатарына жататын «Құтадғу білік» - «Құт негізі - білік» поэмасы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат болып табылады.
Парсы-тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы Әбу Абдоллах Рудаки (860-941) де орта ғасырда өмір сүрген ірі түлғалардың бірінен саналады. Ақын өзінің өлеңдерінде зор адамгершілік сезімді жырлады, білімді бағалауға, адамдарға жақсылык істеуге шақырды. Рудакидің 130 мыңға тарта бәйіті мұра болып қалған. Оның шығармаларының көркемдік қуатының қайнар көзі шексіз даналық, қарапайымдылығында жатыр. Орта ғасырлардағы Орта Азия әдебиетіндегі қоғамдық бағыт ұлы ойшыл ақын Әлішер Науаидың (1441-1501) шығармаларында айқын көрініс тапты. Ол философиялық ойдың дамуына ықпал жасады. Науаи «Екі тілдін таласы» атты кітабында лингвистикалық терең талдауларға барды.
ХВЫ ғасырда Орта Азия әдебиетінің игі дәстүрін жалғастырушы Бабыр болды. Ол өзінің «Бабырнама» атты көлемді туындысында әдебимемуарлық шығармашылықтың негізін салды. Түркі халықтарының эпостары. ХЫВ-ХВ ғасырлардағы ерте түрік тіліндегі Осман тарихының шежіресі Орта Азия халықтарының жазба мәдениетінің негізіне жатады. «Оғызнама», «Китаб Дәдәм Коркуд», «Манас», «Қозы Көрпеш», «Алпамыс» сияқты эпостық шығармалар мен «Көрүғлы» дастаны ерекше орын алады. Романтикалық хикая әңгімелер, қиял ғажайып, күлдіргі ертегілер, соның ішінде түркі халықтарына ортақ Қожанасыр әңгімелерін де мысалға келтіруге болады.
ІХ-Х ғасырларда салынған сәулет өнері ескерткіштерінің біздің заманымызға дейін сақталып калғандары өте аз. Оның себебі, ЫХ ғасырдағы ескерткіштердің көбі жай балшықтан құйылған. Ал күйдірілген кірпіштен салынған саманилер дәуірінің ескерткіштері жақсы сақталған. Соның бірі Бұхара қаласындағы Исмаил Самани кесенесі. Варахша және Афрасиаб қалаларындағы сәулет ескерткіштері де жақсы сақталған. Х ғасырдағы Орта Азия сәулет өнері негізінен мешіттер мен мұнаралардан тұрады. Соның бірі Бұхара каласындағы Калян мешітінің жанындағы мұнара 1127 жылы Қарахандар әулетінен шыққан Арслан ханның әмірімен салынған. Хорезм қаласында ХІ-ХІІІ ғасырларда салынған бірқатар сәулет ескерткіштері сақталған. Олар: Боранқала, Наибқала, Қабатқала, сонымен қатар Үргеніш қаласындағы Фахруддин Рази кесенесі, Бұхара маңындагы Раб-и-Мелик керуен сарайы Текеш хорезмшах жерленген кесене.
Бейнелеу өнері де өркендеді, ХВ-ХВЫЫ ғасырларда Самарқан, Бұхара қалаларында кітап миниатюрасы дамыды. Осы кезендегі Орта Азия өнерінің тарихында Бұхарадағы кітап миниатюрасы және ағаш пен тасқа ою-өрнек салу мектебі көрнекті орын алды. ХЫВ ғасырдың соңында - Әмір Темір дәуірінде Орта Азияда қала салу, суландыру жүйелерін құру, керуен сарайлар, медреселер, діни ғимараттар тұрғызу ерекше қолға алынды. Олардың санатында сол дәуір сәулетшілерінің тамаша туындысы - Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі бар. Ол құрылысты Темір бастап салғызып, Ұлықбек аяқтаған. Ортағасырлық Орта Азия мәдениеті дүниежүзілік өркениетке өз үлесін қосты