-Әли сен білесіңбе?Менің ағам Түркияға ұшпақшы.
-Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой.
-Ол не?Мен түсінбедім.
-Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда, жасалатын бас қосу.Онда ел жиналып,ойын-сауық,жыр айтылады.
-Егер аға сыйлық әкелсе,ең жақсысын саған беремін.Сен менің досымсың ғой.
-Алыс сапарға шыққан адамдар туыстарына,балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі.Оны базарлық деп атайды.Бұл-жақсы көрудің,сыйластықтың белгісі.
Тоқым-қағар-біріккен күрделі сөз.Ойын-сауық,ірілі ұсақты-күрделі қос сөздер.
Сонымен қатар аңшылықтың, саятшылықтың ерекше жақсылықтары да бар. Ол кімді болса да салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің бір-бірімен үйлесім табуына әсер етеді. Сол себептен ата-бабаларымыздың аңшылықты кәсіп ретінде ғана емес, өнер ретінде санауының үлкен мәні бар.
Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған танымал түрі - аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу.
Халқымыздың арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны - бүркіт.
Қазақ аңшылары "Бүркіт" деп жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренуге бейім естісін атаған.