Табындарш «Дербес пікір жазу» тәсілін қолданып, пьеса мазмұны бойынша тапсырмаларды орындаңдар:
– өзіндік ой-пікірді бір сөйлеммен білдіріңдер;
– екі сөйлемнен тұратын дәлел келтіріңдер;
– өз пікірлеріңді айғақтайтын мысалды екі сөйлеммен көрсетіңдер;
– өз пікірлеріңе қарсы бір сөйлемнен тұратын дәлел келтіріңдер;
– бір сөйлеммен қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал келтіріңдер;
– екі сөйлемнен тұратын қорытынды шығарыңдар.
Академиялық жазудың басты мақсатының бірі – студентті ғылыми
мақала жазуға баулу. Ғылыми мақала жазу – оңай емес, ол өзіне жазуға
дейінгі ойлау элементтерін қосатын, тілден тыс жатқан логикалық
құбылыстармен де байланысы бар күрделі үдеріс. Ғылыми мақала жазуды
санада белгілі бір тақырып жайында ойды қорытуға қабілеті бар жеке тұлға
ғана іске асыра алады. Студенттің болашақ маман екендігін ескерсек, осы
міндетті (ғылыми мақала жазу) университетте оқып жүріп игеру немесе
игерту үшін қадам жасау маман және оның болашақ саласы үшін де пайдалы
болмақ.