Мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпарат бойынша 3 факті мен 3 көзқарасты ажыратыңыз.
Тамақтану мезгілдері
Адамдар күніне 3-5 рет тамақтанады.
Негізгі тамақтану мезгілі үшке бөлінеді:
таңертеңгі ас (сағат 7.00-9.00 аралығы) – ас үлесі (рацион) қант қосылған ботқа, сүт Тоқаш, сары май
т.б. - организмде қант құрамын тұрақтандырады, тәбетті ретке келтіреді, сонымен қатар күні бойы
тамақты шамадан тыс көп жеуден және семіруден сақтайды;
түскі ас (сағат 13.00-14.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) құнды - әр түрлі тағамдар жиынтығы,
организмді керекті құнарлы заттармен қанықтырады;
кешкі ас (сағат 18.00-19.00) - ас үлесі (рацион) жеңіл тағамдар - ұйқы кезінде адам организмін
жайландырып, қорытылуына көп қуат кетпейтін тағамдар;
Аралық тамақтану.
таңертеңгі ас пен түскі ас ортасында - екінші таңетртеңгі ас (ланч) – жеміс-жидек немесе тоқаш,
сусын немесе шырын;
түскі ас пен кешкі астың ортасында - түстік – көмеш немесе ашыма, сусын немесе шырын, айран.
Тиімді тамақтану адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отырады.
Тиімді тамақтану мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырады.
Асқазаны, жүрек-қан тамыры т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып
жасалған ас үлесі (рацион) мен режимі емнің бір түрі болып табылады
Достық туралы
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сайқтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Еліміздің асқақ ақыны, патриоты, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың:
«Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады
Қиын шақта досын сатқан адамдар!»
деген жолдарынан достықты қандай дәрежеде бағалағаны сезіледі.
Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Халықымыз достық қарым – қатынасты ерекше бағалаған, бұған дәлел ретінде бірнеше мақал – мәтел де келтіруге болады. Мысалы, “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені, қайғының бәрі соның басында”.