Берілген үш тақырыптың қайсысын таңдайтыныңызды көрсетіп, тиісті шаршыға қанат белгісін (0) қойыңыз. Жазба жұмыстарында шартты, қимыл-сын, мезгіл бағыныңқы
сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.
1. «Биотехнология- болашақтың ғылым»
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданып, тақырып бойынша
аргументивті эссе жазыңыз.
2. «Болашақтың энергиясы»
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданып, тақырып бойынша шағын
мақала жазыңыз.
3. «Алаш қозғалысы: кеше және бүгін»
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданып, тақырып бойынша репортаж
мәтінін жазыңыз.
, ОДНО ИЗ ТРЕХ НАПИСАТЬ
Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы,
Адамзатты алға бастар Ар заңы!
Мір оғындай Момышұлы Бауыржан –
Туа біткен туралықтың тарланы.
Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым,
Бойға жиған ақылы мен сабырын,
Өмір бойы шындық үшін күресіп,
Жалғандықтың тіліп түскен тамырын!
Жауынгерді айналдырып құрышқа,
Тайсалмастан кірген талай ұрысқа.
Ұрпағына үлгі болған ғұмырын
Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа!
Жүру үшін тура жолдан бұрылмай,
Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай.
Біздер үшін рухы биік Бауыржан
Батырлық пен Ақиқаттың туындай!
Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған,
Туған елді өз үйім деп таныған,
Жалындаған жастар керек еліме
Батыр баба қасиеті дарыған!