Ата-бабаларымыздан бүгінгі күнге көптеген ертегілер қалды.Солардың бірі – "Аяз би" ертегісі."Аяз би әліңді біл,құмырсқа жолыңды біл" деген бір-екі ауыз сөзді білмейтін адам жоқ шығар,сірә.Ертегінің бас кейіпкері – Жаман.Бұл кейіпкер - халықтың "елді осындай адам билесе екен" деген тілегінен туған кейіпкер.
Жаман ертегі барысында өзінің жақсы қырларын көрсетеді.Ханға жаман адамды,жаман шөп пен құсты анықтап береді.Қасиетті тастың,ханның тұлпарының сырын ашып береді.Тіпті хан:"Мен хан ұрпағынанмын ба?" деп оны анықтауды бұйырғанда,Жаман ханның отбасында тек өзі хан екенінің,арғы аталарының бәрі наубайшы болғандығын дәл айтып береді.Хандықтағы ауқатты байдың отыз бестегі қызын да өзінің ақылдылығымен,қайсарлығымен алады.Жаманның ханның сүйікті уәзірі болғандығын көре алмаған қалған уәзірлердің қастандықтарына да төтеп беріп,әділ болады.Ең соңында халық оны ақ киізге көтеріп хан сайлайды.
Қорытындылай келе,ертегіде «Жаман таққа мінген соң, ешбір соғыссыз, бес хандықтың қонысын біріктіріп, ел арасында достық орнатыпты» делінген. Әр ханның адамдары өз елінен әділдік таппаса, бұған келіп, қосыла беріпті. Сол уақыттан бастап әділдігі үшін бес ханның елі Жаманға: «Аяз би» деп ат қойып, сол аты өле-өлгенше қалды дейді.Оның жасаған әр ісінен көреген хан болғандығын байқаймыз.
Объяснение:
«Отан отбасынан басталады» деп айтып кеткен ата-баба сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қаунышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Отбасы шағын Отан. Оның басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыз-дан жылы бауырына басатыны, бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні. Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Сол сияқты Отанды қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыз алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен етене жақын болсақ, біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындармайтын биік жоқ
Объяснение: