Су – тіршілік нәрі. Ғалымдардың айтуынша, адам организмі 86 пайыз судан тұрады екен. Егер организмде судың мөлшері азайса, онда адам әртүрлі ауаруға шалдығады. Адам организмі бір тәулікте шамамен 1,5-2 литр су жоғалтады. Сондықтан адам күніне сонша су ішіп отыруы қажет.
Таңертең аш қарынға су ішуді әдетке айналдырған дұрыс.
Мидан бастап асқазанға дейін денедегі бүкіл мүшелердің су қажеттілігі бар. Сондықтан мол су ішіп денедегі су жетіспеушілігінің алдын алу керек. Кафеинсіз кофе, шай немесе шекерсіз табиғи сусындар, сумен араласқан жеміс шырындары және басым бөлігі судан тұратын қарбыз сияқты өнімдер де құрамында карбонгидрат немесе тұз мөлшері көп болмаса су орнына өтеді. Кафеинді шай, кофе, кола секілді сусындар денедегі су жетіспеушілігін одан да арттыратындығы үшін қосымша тағы су ішу керек.
Әбділда шығармаларының негізгі үлгісі, жанры – поэзия. Бұл жанрдың ішінде айқын ерекшелігі оның сыршыл, лирик ақын болуында. Ақын еңбектері әуелі қысқа, көбінше саяси лирикадан басталады да, кейін лирикалық толғауларға, лирика сарыны мол романтикалық поэмаларға да ауысады.
Осы жолдағы ақынның көрнекті табыстарымен қатар айқын кемшілік, қайшылықтары да болды. Ескілікті тақырыптарға жазған "Мерген", "Кілемшілер туралы ертек" деген поэмаларында социалистік реализм үлгісінде жазылатын поэмалардан басқарақ, жалпылаған сарындар бар. Ескі күй, ескі аңызды тамашалау басым. Сынсыз тамашалау сарыны үстемірек болады.
Отан соғысы кезінде жазылған "Толғау" атты үлкен жыры Әбділданың өз Отанын барынша сүйген, шыншыл, терең сезімді, көркем өрнекті ақын екендігін танытады.
Әбділда тек қазақ тарихының көлемінен ғана тақырып алмайды. Советтік қазақ поэзиясына ол кіргізген интернационалдық ақындық мәдениет, іздену ернектері де бар. Қазақ оқушысына Гейненің, Шевченконың, Пушкиннің, Лермонтов шығармаларының нәр-нақыстарын әкеледі. Осы аталған классиктердің кейбір шығармаларын аударумен қатар, ақын оларды өзінің сыршылдық өлеңдерінің, толғауларының және кейбір поэмаларының ("Екі жаһан", "Тарас") ішіне Гейне, Шевченко образдарын және Горький, Фурмановқа арналған ой-сезімдерін кіргізіп отырады.Бұл алуандас ақындық ізденулер Әбділданың өнімді жолға, мәдениетті поэзия жолына беттегенін көрсетеді. Бұл — қазақ әдебиетін жаңа үлгіге бастаймын деген талап.
Осылайша, Әбділда, бір жағынан, Ұлы Октябрь жаңғыртқан өз халқының советтік дәуіріндегі жаңа тарих шындығынан бағыт, қуат алады. Жыл санап өнер арттырып, жазушылық мәдениетіне терең бойлап, қазақ совет поэзиясына қызықты жемістер беріп келеді. Әбділда талантты және өзіндік стилі, өзгешелігі бар күшті ақынның бірі деп саналады.