1 тапсырма
1.табиғат
2. Ақын "жаз" өлеңінде жаздың әдемі көркін суреттеді.
3.табиғаттын әртүрлі құбылыстары елестетеді.
4жапырақ солады
5рақымсыз адам бейнесіне ұқсатады.
2 тапсырма
Менің ойымша тақырыптың негізгі идеясы ол Абайдың елестіргенің бізге елестіру
3 тапсырма
Эссе
Қазақтың қолөнері немен ерекше
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады.
Аргументативті эссе: Театр - көздің тамшысындай мөлдір дүние.
Театрды ойын - сауық орны дейміз, шынында үңіліп қарасақ бес әріптен тұратын "театр" сөзі адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейтін бірден-бір орын. Ғабит Мүсіреповтың: "Театр - көздің тамшысындай мөлдір дүние", - деген сөзіне толықтай келісемін. Себебі, бұл талай адамның еңбегі сіңген мәдени ошақ, сабырлықты аса қажет ететін өнер орны.
Театр - өнерлердің ішіндегі ең әдемі, әр түрлі көңіл күйді қамтитын, өнегелі өнердің бір түрі. Театр өнері іш пысқанда барып тамашалайтын дүние емес, бұл арнайы барып, туындыдан рахат алатын дүние. Ол тұнып тұрған мәдениет, эстетика, өнер және рухани құндылық. Өкінішке орай, қазіргі заманда осындай өнер түрін бағалайтын адамдар кемде-кем.
Театр ұғымы ежелден қалыптасып келе жатыр. Бұрынғы кезде "бір елдің мәдениетін білгің келсе театрына бар" деген екен. Кейін заман дами келе театрлар ұмыт қалып, орнын заманауи техникалалар басты. Қазіргі уақытта театрға қызығушылық артып, көрермен көбейту мақтасында танымдық қойылымдар жүргізіледі.
Театрға баруға өз басым кеңес беремін!
Объяснение:
Барлығы жайылма сөйлем. Жалаң сөйлем жоқ.
Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Мысалы: Театрға барды, қойылым тамашаладым.