2.Татар-Моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол 1155 жылы ірі ноян Есугей баһадүр отбасында туған. Темучин ер жете келе қол астына Моңғолдың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 жылы көктемде Онан өзені жағасында Темучинді жақтаушы Моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғысхан деген атпен Моңғол ұлысының әміршісі етіп жариялайды. Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде "мыңдық", "жүздік", "ондықтан" тұрды.
Қазақстанның таулары биік таулы және аласа таулы аймақтарға бөлінеді. Аласа таулы аймаққа Орталық Қазақстанда орналасқан Сарыарқа жатады. Сарыарқа батыстан шығысқа қарай 1200 шақырымға созылып жатыр. Орташа биіктігі – 500-600 м. Дала деп аталса да, Сарыарқада тау шыңдары да бар. Олардың ішінде ең биіктері – Ақсорған (1565 м) және Қарқаралы таулары (1403 м). Сарыарқа солтүстігінде Батыс-Сібір жазығымен, оңтүстігінде Балқаш көлімен және Бетпақ Дала шөлімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектеседі. Сарырқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажайлық аймағы. Жергілікті тұрғындар бұл жерді «қазақстандық Швейцария» деп атайды.
Аласа таулы аймаққа сонымен қатар Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілемі жатады. Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырым. Тау өз бастауын Шиелі және Терісбұтақ өзендерінен алады
Қазақы әдет-ғұрыптар (арабша адәт және урф) көшпелі тұрмыстың дәстүрлі дүниетанымынан бастау алады. «Табиғаттан еншісі бөлінбеген» сахара жұрты өзін қоршаған ортаның ажырамас бір бөлшегі ретінде сезініп, жарық дүниенің жалғыз жаратушысы – Тәңірге табынған; Көк аспан – Қара жердің киесін қастер тұтып, ата-баба аруағына сиынған.
Жүйелі мерзімдік ретпен қайталанып отыратын түрлі табиғи құбылыстардың (күн күркіреуінің, жерсілкінуінің, найзағай ойнауының), маусым алмасымдарының, т.б. сырын анық аңдай алмай, аспан асты, жер үстіндегі күллі тіршілік ағымы, адамзат тағдыры Көк иесінің ырқындағы нәрсе – жазмыш екеніне шүбәсіз сенген.
Табиғат заңдылығын қоғам өмірінің, адам тұрмысының тәртібіне айналдыруға тырысу, кие тұту түйсігі қазақ халқының, жалпы түркі милләтінің түп-тегінде – ғұн, сақ тайпаларында болғаны мәлім. Олар көктегі Тәңірді «бабай баба», «Көк ата» атап, оның құдіретіне бас имеу – күпіршілік, ата-баба жолын бұзушылық деп санаған.