Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында көлік байлық белгісі емес, қажеттілікке айналып отыр. Себебі "Уақыт - ақша" деген қағида қалыптасқан қоғамда адамдар уақытты аса жоғары бағалап, барлық жұмыстарды уақытында, дер кезде бітіруге, баратын жерлеріне жылдам баруға тырысады. Ал бұл көліктің көмегінсіз мүмкін емес. Көлік болған жағдайда кез келген жерге жылдам әрі уақытында баруға, кез келген нәрселерді сатып алуға, көшіруге, әкелуге, тасымалдауға ыңғайлы. Тіпті бүгінгі күні қыздар мен әйелдер қауымы темір тұлпар тізгінін өз қолдарына алып, ер адамдармен бірдей көлік мінеді. Мұның өзі көліктің қажеттілікке айналып отырғанының бір белгісі деп білемін.
Ғаламтор беттеріндегі ақпараттарға жүгінсек, қымбат көліктер қатарында көбінесе двигатель қуаты көп, іші былғары, ағаш секілді табиғи материалдармен қапталған, техниканың соңғы жаңалықтары сай жабдықталған көліктер жатады. Бұл көліктердің бағасы кем дегенде 850 миллион теңгеден басталып, ең қымбат көліктің бағасы 3 604 959 000 теңгені құрайды екен. Қымбат көліктер қатарында Мерседес Бенц, Бугатти, Феррари , Роллс – Ройс, МакЛарен секілді маркалы көліктер бар екен.
Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды.
Осы себептен де Абай: "... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді",— деп қайыра түсінік беріп отыр...
Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы
Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.
Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы туралы" ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адамболу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:
Адам болам десеңіз...
Бес нәрседен қашық бол...,—
Бес нәрсеге асық бол, - деген жолдарда жатыр.
Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады.Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзінде":
"Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады", — деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.