Ұнағанын ал
Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиянды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.
Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым бағытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, табиғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ауыл шаруашылығына тікелей байланысты.
Климаттық өзгеру
Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.
Қазақстан табиғаты туралы.
Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау - біздің міндетіміз.
Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзен алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстігнде Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Осынау кең байтақ ұлан ғайыр еліміздің табиғаты да алуан түрлі. Жылдың төрт мезгілі де ерекше сезіліп, қай аймақты алып қарасаң да жайнап тұрады. Мысалы, кей елдерде қыс болмай, балалар қар дегенді білмей жатса, біздің елімізде ондай мәселе жоқ. Қысымыз боранды күндерімен, сықырлаған аязымен, ақ ұлпа қалың қарымен ерекше. Ал көктем келісімен айналаның барлығы құлпыра түседі - қалың қар еріп, жасыл кілемге айналады. Сылдырап тау бұлақтары ағып, жан – жақтың барлығы жайқалған өсімдіктерге толады. Ал жаз мезгілі болса, балалардың демалысқа шығып, мәз – мейрам болып, жеміс – жидектің пісетін уақыты. Жаз мезгілі зымырап өтіп, артынша алтын күз де келіп жетеді.
Мәне, менің туған өлкемнің табиғаты осындай әсем, әрі көркем.