«Живопись, сурет, мүсін және сәулет өнердің биік шыңы, барлық ғылымның түп тамыры және живопись түрлерінің жанрлары руханиылықтың қайнар көзі» (Микеланджело)
Кез келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал біртуар туындыларымен өз Отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, Ә.Қастеев сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел. Сондықтан да өз халқының өмір тарихын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу үшін, оның сан-салалы өнерін оқып үйренудің маңызы зор. “Ел болам десең, бегіңді түзе” деген нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей ғұлама текке айтпаса керек. Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі. Онда жұмыс істеудің методтары мен техникасы туралы практикалық мағлұматтар берместен бұрын оның түрлері және жанрларымен танысқан жөн. ХІХ ғасырға дейін архитектура (сәулет өнері), скульптура (мүсін өнері) және живопись (кескіндеме) өнердің басты бір үш түрі болып есептеледі. ХІХ ғасырдың аяғына қарай өнердің бір түрі – графика (сурет, гравюра, литография) қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес түріне айналды. Соңғы жиырма жылдықта өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.
Ерлан Жүніс Төсбайұлы, 1984 жылдың 7-ші қарашасында Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүрген кезінде «Жыр-перзент» деген атпен алғашқы жыр-жинағы жарыққа шықты. 2002 жылы Тараз қаласындағы М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті «Әлем тілдері» факультетіне оқуға түсіп, 2007 жылы «филолог, әдебиетші» мамандығын алған. «Кентавр» әдеби апталығында қызмет етіп жүріп, «Қазақ әдебиеті» және Республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газеттерінде қызмет еткен.
Президенттің айналасынан ұзамай тұрып, тағы бір саяси оқиғаны естеріңізге салайық. Ол – Дариға Нұрсұлтанқызының Премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалуы. Бұған дейін Мәжіліс төрағасының орынбасары болған Дариға Назарбаева қыркүйек айының басында Үкімет төрағасының әлеуметтік сала, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет сынды мәселелерге жауапты орынбасары болып тағайындалды.
27 шілдеде Қазақстан ресми түрде Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. Женевада ұйымның Бас директоры Роберто Азеведо мен Қазақстан Президенті Н. Назарбаев ортақ хаттамаға қол қойды.
Ұлттық банк «девальвация» жобасымен қоса, айналымға 20 мың теңгелік «туындысын» ұсынды. Сөйтсек, бұл ертеректе әзірленіп қойған, тек сын сағатын күтіп тұрған банкнот екен. Мұны президенттің өзі «Енді тойға барғанда қиналмайсыңдар. Бірден сыйлыққа осыны апарыңдар» деп түсіндіріпті.