Жаз-менің сүйікті мезгілім. Жаздық демалыс- оқу кездегі ең ұзақ демалыс,сондықтан да мен оны жақсы көремін. Осы жазғы демалысым ешқашан ұмытылмайтындай болды. Мен және ата-анам Ресейге барып келдік. Біз болған жер- Алтай деп аталады. Алтайдың табиғаты сондай керемет! Барлық жер жап-жасыл, ормандар, таза ауа, бір сөзбен айтқанда, еш жерде кездеспейтін сұлұлық. Күнімен табиғатта демалып жүрдім. Демалысымздың ортасында біз сарқырамаға бардық.оған көп уақытта жетсек те. оған еш өкінбеймін! Сол жер сондай керемет.сұлу! Сарқырама астында тұрған сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Адамның көпшілігі сол жерге тек сұлұлығына байланысты емес. әрі арқаларын емдетіп алу үшін барады екен. Өйткені сарқырама суы адамның сүйегін де емдеуге жарайды. Демалысымыздың соңында біз біздің туыстарымызға басқа қалаға бардық. Олар бізге айналамызда не бар екенін таныстырды. Әрі біз су қоймаға барып келдік; сол жердегі адамдар оны мұхит деп те атайды екен. Ол жер де. сондай көркем! Өкінішке қарай. біздің демалысымыз бітейін деп қалған. сосын біз өзіміздің қаламызға оралуымыз керек еді. Мағанбарлығы қатты ұнады! Осы демалысты мен ешқашан да ұмытпаймын! Вот на казахском если что
Табиғат дегеніміз - бұл біздің санамыздан тыс, бізге бағынбайтын, біздің өмірімізге тірек болып, тұрған болмыс , адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат а дүниеге келтіріп бойындағы махаббат мейіріммен, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан - Аяулы Ана. Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге де болады. Ата - бабамыз " Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық ", - деп өсиет айтып келгені тегін емес. Бүкіләлемдік тіршіліктің төрт құдіретті негізі бар. Олар: күн - ана, жер - ана, ауа мен су. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді. Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тірішілік тоқтайды. Сондықтан адамзат Күнді, Жерді анадай ардақтайды. Күн -барлық тіршіліктің құдіретті тіргегі. Оның нұры - сәулесі, құдіретті күші - от. Әлемдегі барлық тіршілік оттың күшімен қозғалысқа түсіп, адам өмірін өркендетіп тұр. Отты дана халқымыз қастерлеп, отты баспа , отпен ойнама , отқа түкірме деп ырым, тиым жасап, кесір-қырсықты отпен аластатып, отқа табынған. Отбасы, отағасы, отау деген сөзден отты қастерлеуден шыққан. Ал жер-ана тіршілікке нәр беріп, анамыздай асырап жатыр. Қазақ халқы жер-ананы әулие тұтады. "Баптағанға - жер жомарт " , "Жері байдың - елі бай ", "Туған жер - алтын бесік " деп жер-ананы аялайды. Жер - жаһамадағы тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет - су. Өмірге ең қымбат, ең қажетті болғандықтан, халық судың шығып жатқан жерін "әулие бұлақ " дейді. Халқымыздың суға байланысты қаншама даналық нақыл сөздері бар десеңізше: "Су бар жерде өмір бар " , " Сусыз өмір тұзсыз аспен тең ", "Өзің ішетін суға өлген ит тастама ". Жан дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған келесі құдіретті нәрсе - ауа. "Ауа - өмір тынысы " дейді халық. Ең қымбатты, қажетті нәрсені "ауадай қажет " деп халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалайды.
Өкінішке қарай. біздің демалысымыз бітейін деп қалған. сосын біз өзіміздің қаламызға оралуымыз керек еді. Мағанбарлығы қатты ұнады! Осы демалысты мен ешқашан да ұмытпаймын! Вот на казахском если что