«Қысқы ойын».
Қыс мезгілі де келіп жетті. Айнала ақ ұлпа қалың қарға оранып, аппақ болып жатыр. Қыс мезгілінде аяз болғанымен, бұл балалар үшін өте қызық мезгіл. Себебі, балалар қыста шаңғы мен коньки теуіп, төбешіктен шанаға мініп, зулатып сырғанақ тебеді. Енді кейбіреулері қардан аққала жасап, басқалары қар лактырысып ойнайды.
Қыс мезгілі сонымен қатар барша адам тағаттана күтетін Жаңа жыл мерекесімен ерекшеленеді. Жаңа жыл алдында оқушылар кезекті демалысқа шығып, құмарлары қанғанша армансыз ойнап, біраз тынығады. Ендігі кезекте Аяз атаны тосып, шыршаны әсемдейді.
Объяснение:
Ақын Баубек Бұлқышев – 30-40 жылдар жастарының өкілі. Ол қазіргі Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы "Аманкелді" аулында 1916 жылы дүниеге келді. Болашақ дәуірдің балғын бесігінен жаңа аттанған шағын Баубек әуелі шешесінен, артынан әкесінен айырылып, жетім қалады. Немере ағасының қолында тәрбиеленіп, оқып білім алады.
Ол 1930 жылы "Ұлытау" совхозының фермасында есепші болып қызмет істейді. Ал 1937 жыл Алматы сауда-қаржы техникумына оқуға түседі, 1939 жылы "Лениншіл жас" газетінде әдеби қызметкер, кейініректе "Октябрь балалары" газетінің бөлім меңгерушісі болған. 1940 жылы РККА қатарына шақырылады , Москвада сапер училищесінде оқиды. Ол Ұлы Отан соғысында ұрыстарға алғашқы күндерден бастап қатысады. 1940 жылы Финляндиямен арада соғыс өрті лапылдағанда өзі тіленіп, әскер қатарына алынды. Осыдан соң Б.Бұлқышевтің жауынгерлік өмірі басталады.
Б.Бұлқышев қатардағы жауынгерден офицерлік дәрежеге дейін көтеріледі. Ата дәстүріне берік азамат, жалынды публицист, ер жүрек жауынгер Москваны қорғады. Украинаны азат етісті, сөйтіп 1944 жылдың бас кезінде қаһармандықпен майданда қаза тапты.
Б.Бұлқышев көптеген өлеңдер жазып, республикалық ба өз беттерінде жариялады, "Алматы-менің туған қалам" деген бітпей қалған романы және "Айсұлу" деген поэмасы бар.
Б.Бұлқышев соғыс жылдарында жауынгер -публицист ретінде жарқ етіп көзге түскен. Оның "Өмір мен өлім туралы", "Өмір сүргім келеді", "Заман біздікі", "Шығыс ұлына хат", "Тыңда, Кавказ", "Жауыздық пен махаббат" деген публицистикалық шығармалары майдан жауынгерлерін ерлікке, патриоттылыққа үндеді. Бұл шығармаларының көпшілігі тұңғыш рет "Комсомольская правда" газетіне орыс тілінде басылып шыққан. Кейін оның мақалаларын жазушы Ғ.Мүсірепов қазақшаға аударып, республикалық "Социалистік Қазақстан" газетінде жариялады. Жауынгер қаламынан шыққан жалынды үн жерлестерінің жанын тебірентіп отты жылдарда өз рөлін атқарды, болашақ ұрпаққа айнымас ұран болып қалды.
1946 жылы Москвада "Жизнь солдата" деген жинақ шықты, бұған Б.Бұлқышевтың майдандық публицистикасы енгізілді.
Б.Бұлқышевтің көркем әдеби мұрасы 1948 жылы М.Иманжановтың редакциясымен шыққан "