Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
Некесін қиып, ант суын ішкен жұбайлар арасындағы сыйластық пен түсіністік – іргесі берік шаңырақтың кепілі. Өнегелі шаңырақтың құпиясымен тұңғыш ғарышкер-қазақ, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров бөлісті.
- Отбасы институтының маңыздылығын арттыру қажет. Өшаңырақ – еліміздің тұтқасы. Алдымен шаңырақ құру, оны нығайту жауапкершілікті талап ететінін қаперге алған жөн. Бұл қасиетті баланың бойында кішкентай кезінен бастап тәрбиелеу қажет. Жауапкершіліктің арқасында отбасылық құндылықтар нығаяды, өзара құрмет және отансүйгіштік сезімдері қалыптасады, - дейді Кеңес Одағының батыры Тоқтар Әубәкіров.