М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
marinamarina24
marinamarina24
03.03.2023 17:41 •  Қазақ тiлi

Өткен шағы
бар
5мақал-мәтел

👇
Ответ:
kyrmaeva200614
kyrmaeva200614
03.03.2023

Аға әдепті болса іні әдепті,

Апа әдепті болса сіңлі әдепті.

Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақүл айт.

Аға — бор, іні — тас.

Ағадан ақыл, атадан нақыл.

Ағадан ақыл, ініден ізет.

Ағадан қалғанды іні киіп өседі,

Ападан қалғанды сіңлі киіп өседі — көргендерін бойына түйіп өседі.

Аға еңбекпен көркем,

Бала біліммен көркем.

Ағаның үйі ақ жайлау.

Аға өлсе жеңге мұра,

Іні өлсе келін мұра.

Ағасы ақылдының ауылы азбайды,

Жеңгесі шебердің жеңі тозбайды.

Ағасына қарай інісі,

Апасына қарай сіңлісі.

Ағасы ұрар болар,

інісі тұтар болар.

Аға ініге ұстаз,

Апа сіңліге ұстаз.

Аға ішкен бұлақган інісі де су ішеді.

Амандық ағадан.

Ардагер аға алдында тұрсын, Әдепті іні артында тұрсын.

Арттағыны қозғау — ағалық, Алдағыны болжау — даналық.

Асыл аға, алғыр іні.

Екеу болса — жас аға,

Біреу болса — бөрік аға.

Ел ағасыз болмас,

көл жағасыз болмас.

Елдің баласы бола алмаған ағасы да бола алмайды.

болмаса?

4,5(17 оценок)
Ответ:
qnorri
qnorri
03.03.2023

Өткендерін ескерген - өскендіктің белгісі.

Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі.

Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізер

Су ағады, тас қалады,

Кәрі кетеді, жас қалады.

Үлкен пышақ —

Ұялғаннан өтеді.

Өмірден көзің кетсе де,

Сөзің кетпесін.

Өткен өмір –

Өшкен көмір.

4,7(84 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
SOSISKA2281
SOSISKA2281
03.03.2023
Мәңгілік ел" қақпасы – әлемдегі санаулы қа­лаларға тән ерекше сәулеттік-мо­ну­мен­тал­ды туынды. Әдетте мұндай қақпа жеңіс рухын асқақтату немесе жасампаз жетіс­тік­тердің құрметіне қаланың кіреберісіне, үлкен жолдың бойына орнатылады. Астанадағы салтанат қақпасы да осы талаптарға толықтай жауап бере алады.
Бұл сәулет нысаны Астананың сол жа­ға­лауындағы аспанмен таласқан зәулім ғимараттардың ортасынан ойып орын алып, Есілдің сол жағалауындағы Ас­та­наның жаңа әкімшілік орталығы, қай­та­лан­бас дара бейнесі бар толымды сәулет ансамблін түзбек: темірқазығы – Елба­сы­ның ақ сарайы Ақорда, одан тарайтын «шуақ бағыты» бір жағынан Бейбітшілік және келісім сарайына, «Қазақ елі» мону­мен­тіне, Тәуелсіздік сарайына, Шабыт сарайына тараса, тағы бір «сәулесі» сулы-жасыл желек жолды көктей өтіп, көкке қарай бет алған алып ғимараттарға бағыт алып тұр.
Мүсіндердің әрқайсысының астында қазақтың «Мәңгілік» дара таңбасы орын тепсе, әр мүсіннің жоғарғы жағында Елтаңба орналасқан. Сыртқы бөліктің жоғарғы жағында «Мәңгілік ел» жазуы бар. Ол – мемлекет пен ұлттың уа­қыт­қа тәуелсіз киелі қорғаны.
4,4(12 оценок)
Ответ:
Trytodo
Trytodo
03.03.2023

Мұражайда.

Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих. Ал тарих туған жерден басталады, сондықтан, менің ойымша, әрбір азамат өзінің туған жерінің тарихын білуі тиіс.

Мұражай – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.

Мұражайға саяхат жасау жалпы ой – өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында еліміздің түкпір – түкпіріндегі оқушылар тарихи - өлкетану мұражайларына саяхат жасау өскелең ұрпаққа терең ой салады деп ойлаймын. Тіпті шетелге саяхатқа шыққанда мұражайға барсаң сол елдің өткені жайлы барлық мағлұматты алуға болады.

Қазіргі заман ағымымен мұражайға бару қалыс болып бара жатқанымен, Туған жерінің тарихы мен мәдениетін білу мақсатында жас ұрпақты мұражайға апарып, түрлі жәдігерлермен таныстыру керек деп есептеймін.

4,5(96 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ