Павлиндер, тауыстар (лат. Pavo) – тауықтәрізділер отрядының қырғауылдар тұқымдасына жататын құс. 2 түрі бар: кәдімгі павлин (Р. crіstatus) және көкқанатты павлин (Р. mutіcus). Бұлар Үндістан түбегі мен Шри-Ланка, Суматра аралдарында қалың бұталар арасын мекендейді. Павлиннің дене тұрқы 110 – 125 см, салмағы 5 кг-дай болады. Әдемі құйрық үсті қауырсынының (жергілікті халық оны құйрық деп атайды) ұзындығы 120 – 130 см. Мекиендері реңсіз, сұр түсті. Көбіне жерде жүреді, жақсы жүгіреді, қауіп төнгенде ағаш басына шығып кетеді. Жәндіктер мен олардың дернәсілдерімен, құрттармен, моллюскалармен қоректенеді. 3 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Полигамды. Күйге келген қоразы неше түрге боялған “көздері” бар әдемі құйрық үсті қауырсындарын желпуіш тәрізді жазып жіберіп, тік ұстай алады. Ұясын жерді шұңқырлап, оған құрғақ шөп пен жапырақ төсеп жасайды. Ондағы 4 – 7 қызғылт дақтары бар сұр түсті жұмыртқасын мекиені 30 – 35 күндей шайқайды. Балапандары тез жетіледі, бір айдан соң өз бетінше ұша алады. Көбеюден басқа уақытта топтанып тіршілік етеді. П-дер Қазақстанда тек хайуанаттар паркінде және жеке адамдардың қолында ұсталады. Павлиндердің саны жылдан жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]
Сырқат желмен кіреді, термен шығады.Болезнь со сквозняком приходит, и с потом уходит.Тәуіптің жақсысы – ауруға ауру қоспағаны.Самый хороший лекарь тот, кто к старому недугу новой не добавляет.Бас аманда мал тәтті, Бас ауырса жан тәтті.Пока здоров – добро дорого, заболеешь – жизнь дорога.Сырқат тән жарасы, қайғы жан жарасы.Болезнь — телесная рана, печаль — душевная рана.Денсаулық – зор байлық.Здоровье – клад бесценный.Жарлының байлығы – дененің саулығы.Богатство неимущего– его здоровье.Жұғың бар жерде – шыбын бар, Шыбын бар жерде – шығын бар.Где мусор – там и мухи, где мухи – там болезни.Тәні саудың жаны сау.Здоровый телом и духом здоров.Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі.Чистота – основа здоровья, Здоровье – основа богатство.Сәті түскен ауруға не болса, сол ем болады.Удачливого больного любое средство лечит.
Тауыс (Павлин)