Күйші дегеніміз - ұлттық аспапта (домбыра, қобыз, сыбызғыда) күй орындаушы. Күйші дегенде алдымен есімізге Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет секілді атақты күйшілеріміз оралатыны сөзсіз.
Жалпы күй өнері қазақ халқына ғана тән өзіндік орындау мәнері бар өнер түрі. Күйшілер халықтың мұң - мұқтажын, арман - тілегін, өмірін , салт - дәстүрін ұлттық аспаптар арқылы көрсетіп отырған. Күйлердің тақырыптары да әр алуан болып келеді.
Бұрынғы кездері күйшілер күйлерді өздері шығарып, өздері халық арасында таратып отырған. Күйлер қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.
Күйдің әуендік құрылысы мен ырғақтық - орындаушылық әдістері сан алуан болады. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келсе, Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық дәстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке - төкпе және шертпе күй мектептеріне бөлінеді.
-Сен қазақ халқының қандай музыкалық аспабын білесін? -Қазақ халқының музыкалык аспабы -домбыра қобыз. -Домбыра ол қандай? --Домбыра -қос ішекті.. -Домбыра неден жасалады? -Домбыра ағаштан жасалады. -Домбыраның даусы қандай? -Домбыраның даусы майда қоңыр құлаққа жағымды.Қазақ халқының ақындары әншілері күйшілері домбырамен ән салып күй ойнайды. -Күй деген не? -Күй домбырада ойналатын музыкалық шығарма.. -Қобыз қандай аспап? -Қобыз -сыры мол күрделі аспап. -Қобызды неден жасайды? -Қобызды ағаштан жасайды.Қобыз үні -халықтың қуанышы мен мұңы үні.. -Аңыз бойынша қобызды кім жасаған? -Аңыз бойынша қобызды жасаған Қорқыт ата. - -
Күйші туралы.