М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
linochek278
linochek278
07.02.2022 14:25 •  Қазақ тiлi

Жұмбақ құрастыр. Тірек сөздер: үшкір, ине, тікенек, кактус т.с.с.
Қандай?
Қайтеді?
Осындай тағы не бар?
Көмекші сөздер: емес, емес
емес,
емес.
Бұл не? Бұл –

👇
Ответ:
marshaldir80
marshaldir80
07.02.2022

Өсімдік бірақ гүл емес,

Қолды ауыртады бірақ ине емес.

Бұл-Кактус

4,5(72 оценок)
Ответ:
mpavl8628
mpavl8628
07.02.2022

Қандай? - тікенек, үшкір

Қайтеді? - тағамданады, іледі

Осындай тағы не бар? - кактус, ине

Көмекші сөздер: - емес, емес

Тікенек, тағамданады бірақ кактус емес,

Үшкір, іледі алайда ине емес.

Бұл не? Бұл - кірпі.


Жұмбақ құрастыр. Тірек сөздер: үшкір, ине, тікенек, кактус т.с.с.Қандай? Қайтеді? Осындай тағы не ба
4,6(13 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
VovkaGamer228
VovkaGamer228
07.02.2022

                       Көктем.

Ызғарлы әрі қатал қыстан кейін жайма-шуақ көктем де келіп жеткен еді.Көкжар ауылының табиғаты одан әрі әрлене түскен.Ауыл шетіндегі асау өзен толассып айналасын нәрге бөлеуде.Ал айдын көлге жылы жақтан қайтып келген құстар,аққу,тырна,қаздар,қиқулап асыр салып ұшып жүр.Ауылдан біршама қашықтықта жатқан асқар тау бейне бір шамалы жүрсең жетіп қалатын секілді көрінеді.Қаладан ата-әжесінің ауылына демалысқа келген Арман бұл сұлулыққа тамсанып жүрген еді.Қолында ақ парағы мен түрлі түсті қарындаштары да бар.Сурет салып,бұл әдемі табиғатты,көктемнің алғашқы күндерін есіне сақтап қалғысы келгені ғой.Біраз уақыттан соң , суретін тәмамдап ата-әжесіне көрсетіп олардың мақтау сөздерін естіп марқайып та қалған еді.Кейін суретін сөмкесіне салып атасына жас ағаштарды суғаруға көмектеспек болып далаға жүгіріп шықты.Не дегенменде,көктем Арманның ең сүйікті жыл мезгілі ғой.

4,8(88 оценок)
Ответ:
Tustik777
Tustik777
07.02.2022
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды. Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар.
4,6(63 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ