Марс - Күннен алыстығы жөнінен төртінші ғаламшар саналады. Назарларыңызға Қызыл ғаламшар жөнінде кейбір қызықты фактілерді ұсынамыз.
Ғаламшардың аты ежелгі римдіктердің соғыс құдайы Марстың құрметіне қойылған. Оған себеп жұлдыздың қан түстес қызыл болғандығы деп айтылады. Ғалымдардың ұсынған гипотезасы бойынша мұндай түс ғаламшардың атмосферасында темір оксидінің өте көп болуымен байланысты. Өз осінен айналуы бойынша Марс шамамен Жермен бірдей айналым жасайды - 24 сағат 37 минут және 22,7 секунды. Марстағы бір жыл Жердегі 687 тәулікпен пара-пар. Марстың диаметрі Жерден екі есе кіші болса, ал салмағы 9 месяцев жеңіл. Марста тұрған адамның салмағы 2,5 года дейін жеңілдейді. Марстың экваторындағы температура күндіз + 30ºC және түнде - 80ºC аралығын құрайды. Ал полюске жақын аймақта -143 ºC дейін төмендейді. Марс Күн жүйесіндегі ең ірі тау массивіне ие. Оның ең үлкені - Олимп сөнген жанартауы. Биіктігі - 27 шақырым болса, диаметрі 550 шақырым. Ал Маринера аңғары (ұзындығы 4, 5 мың шақырым, ені 60 шақырым, ал тереңдігі 7-10 шақырым) - Күн жүйесіндегі ең үлкен каньон саналады. Марс бетінде Жердегі ең биік шың саналатын Эвересттен бірнеше есе биік таулар кездеседі. Ертеректе Марста судың мөлшери біршама көп болған. Алайда ол кей беймәлім құбылыстарға байланысты жоқ болды. Оған дәлел қазіргі кездегі ғаламшар бетінде қалған өзендердің сағалары. Сондай-ақ, тек қана судың әрекет етуімен түзілетін минералдардың табылуы. Арнайы скафандрсыз Марс бетінде адам да, кез-келген жануар да бір сәт те тіршілік етіп тұра алмас еді. Ғаламшар бетіндегі қысымның төмендігі соншалық, тірі жанның қан құрамындағы оттегі газға айналып кете барады. Бұл дегеніміз адам 5-10 секундң ішінде жан тапсырады деген сөз. Марстағы тәуліктік орташа температура шамамен -60ºC құрайды.
Шынайы достық туралы
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сайқтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Еліміздің асқақ ақыны, патриоты, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың:
«Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады
Қиын шақта досын сатқан адамдар!»
деген жолдарынан достықты қандай дәрежеде бағалағаны сезіледі.
Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Халықымыз достық қарым – қатынасты ерекше бағалаған, бұған дәлел ретінде бірнеше мақал – мәтел де келтіруге болады. Мысалы, “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені, қайғының бәрі соның басында”.
Марс (Қызылжұлдыз) — Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4-ғаламшары; Жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диаметрі 6800 км, массасы 6,423.1023кг, орташа тығыздығы 3,97 г/см3, бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3,76 м/с2. Марс Күнді эллипстік орбита бойымен 24,2 км/с жылдамдықпен айналады, Күннен орташа қашықтығы 228 млн км (перигелийінде 206 млн км, афелийінде 249 млн км). Марс, Күн және Жердің өзара бірдей қашықтықта орналасуы орташа есеппен 780 тәулікте қайталанады. Бұл Марстың “қарсы тұрыс” периодының қайталануы. Марстың қарсы тұрысы Марс орбитасының перигелийі маңында болған кезде ол Жерге ең жақын болатын 56 млн км қашықтыққа келеді. Осы кезде Марс 24 – 25° бұрышпен көрінеді, ал ондағы 60 – 100 км-лік заттар телескоппен қарағанда байқалады. Осындай кезді “ұлы қарсы тұрыс” деп атайды. Бұл 15 – 17 жылда тамыз айында (кейде шілде не қыркүйекте) қайталанады. Марс бетіндегі тұрақты жарық және қоңыр дақтар Марстың өз осінен айналуын бақылауға мүмкіндік береді. Марстың осьтік айналу периоды (жұлдыздық күн тәулігі) 24 сағ 37 мин 22,7 с. Марстағы жыл мезгілдерінің ауысуы және климаттық белдеуге (полюстік, қоңыржай, тропиктік) бөлінуі Жерге ұқсас. Бірақ Марстағы әрбір жыл мезгілі Жердегіден гөрі 1,9 есе ұзақ болады