Менің атым-Настя.Мен Тайынша қаласында,Совет отыз сегіз көшесінде тұрамын.Сегізінші сыныпта оқимын.Менің жасым он төртте.Менің мектебім өте үлкен.Ол Совет алпыс үш көшесінде орналасқан.Мектеп ауласына кіргенде,онда өте әдемі гүлдер,ағаштар өсіп жатыр.Ал мектептің ішіне кіргенде,іші кең және жарық.Мектепте үш қабат бар.Бізде өте жақсы мұғалімдер бар.Бірінші қабатта асхана,шешінетін бөлмелер,кіші сыныптар оқитын бөлмелер,онымен қоса мұғалімдер бөлмесі орналасқан.Екінші қабатта спорт залы,кітапхана,акт залы және де жоғары сынып оқушылардың сынып бөлмелері орналасқан.Үшінші қабатта да жоғары сынып оқушылардың сынып бөлмелері орналасқан.Күніне бес-алты сабақ болады.Менің сүйікті сабақтарым-орыс тілі,орыс әдебиеті,биология.Мектепте менде өте көп достарым бар.Өз құрбымыммен мектепке дейін тез жетемін.Бізге үйге көп тапсырмалар береді.Сабақты мен екі-үш сағат ішінде істеп бітіремін.Жексенбі күні біз демаламыз.Бізде өте жақсы және ақылды оқушылары бар мектеп.
Алпамыс Гүлбаршынды алуға кеткенде, қалмақтың Тайшық ханы Байбөрінің жылқысын алып кеткен екен, әкесі Алпамыстың алдынан шығып, малының жау алғанын айтып, қатты ренжіс білдіреді. Алпамыс ел-жұртына ата, анасын, әйелін тапсырады да, Тайшық еліне жалғыз жол тартады. Оның аттанып шыққан түні Тайшық хан Алпамысты түсінде көріп, қалай ұстаудың амалын іздейді. Ол амалдарды табушы бір мыстан кемпір болады. Мыстан: «Балама қызың Қаракөзайымды берсең, Алпамысты ұстап беремін», - дейді. Хан қызын беретін болады. Кемпір батырды алдап қолға түсіру үшін 40 отау, 40 қыз алып, Алпамыстың жолын тосады. Кемпір Алпамысқа кездесіп: «Сенің жылқың үшін соғысып, бірдей өлді, жеңгелерің жастай жесір қалды, түсіп, көңілін аула, қонақ бол», - деп алдап үйіне әкеледі де, мас етіп, қолға түсіреді.