М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
wolf13131
wolf13131
04.11.2022 15:32 •  Қазақ тiлi

Маңғыстаудағы кітапхана эссе​

👇
Ответ:
Vovanik212
Vovanik212
04.11.2022

КІТАПХАНА- мәдени- ағартушылық мекеме. Кітапхана ба өз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға ба өз шығармаларын берумен, библиографиялық ақпарат жинау, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.

Облыстық әмбебап кітапхана 1973 жылы 12-қыркүйекте Маңғыстау облыстық атқару комитетінің шешімі бойынша ашылды. Алғашқы ұйымдасу кезінде 2 адамнан ғана (Аксельфельд Т.Л., Кравченко Г.И.) тек кітап қорын жинақтаудан бастады. Алғашқы кітапхана директоры болып физика-математика маманы Әшімбаева Нәйла Закирқызы тағайындалды.

1976 жылы халықты рухани азықпен қамтамасыз ету үшін және олардың талап-тілегін қанағаттандыруда елеулі бетбұрыс болып, облыстық мәдениет басқармасының «Мемлекеттік көпшілік кітапханаларын халыққа кітапханалық қызмет көрсетудің орталықтанған жүйесіне көшіруге дайындау жайында» бұйрығы болды.

Соған байланысты Бейнеу, Ералы, ал кейінірек Мұнайлы аудандары ашылып, аудан көлемінде халықты рухани қамтамасыз ету үшін кітапхана тораптары құрыла бастады.

Кітапханаларды орталықтандыру ісі 1980 жылы аяқталды. Сол кезеңдерде осы жұмыстардың бастауында облыстық кітапхана қызметкерлері Үмбетова А.С., Ибраева С.И., Искакова З., Костина В.В., Остапенко О.П., Нам И.Б. т.б. тұрды.

Бүгінгі таңда облыстық кітапхананың кітап қорында 400 мыңға жуық кітап және 1 млн-ға жуық мерзімді басылымдар бар, аудан, қалалардағы 66 кітапхана үшін әдістемелік орталық қызметін атқарады.

Кітапханаға жылына 20 000-ға жуық оқырман қабылданып, оларға 400 000-ға жуық баспа басылымы беріледі. Жыл сайын кітапхана қоры 3 млн-ға жуық теңгенің кітап және ба өз материалдарымен толықтырылады.

Қазіргі заман талабына сай кітапхана компьютерлендірілген, кітап қорын электронды каталогқа енгізу басталып, РАБИС бағдарламасы орнатылған, интернет желісіне қосылған.

Кітапхана «Арман» жастар орталығымен, қаладағы әртүрлі ұлттық-мәдени орталық өкілдерімен,

әскери бөлімдермен байланыс жасап, оқырмандарды елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жұмыстар жүргізеді. Кітапханада жергілікті ақын-жазушылармен, еңбек адамдарымен әр түрлі кештер, кітап беташары, конференциялар өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, кітапхананың көзі көрмейтін және нашар көретн азаматтарға арналған бөлімінде арнайы көз мүгедектері үшін бедерлі- нүктелі қаріптегі, дыбыстандырылған және үлкен қаріптегі әдебиеттерді жинақтап, олардың ақпарат алуына және бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасайды. Бұл бөлімде арнайы АИС СБ РК бағдарламасы жұмыс жасайды.

4,6(94 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Antoniow27
Antoniow27
04.11.2022

Әке деген-биік шыңы адамның,  

Әке деген-тірегі ғой ғаламның.  

Әке деген-бойында аққан қаның да,  

Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.  

Не десеңде әке жолы бір бөлек,  

Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.  

 

Өмірдегі тірегім  

 

Анам менің – аялаған ақ гүлім,  

Анам менің – бақытым мен шаттығым.  

“Анашым” – деп балаң жырын арнаған  

Неге ғана естімеген тәтті үнін.  

 

Анам менің – өмірдегі тірегім,  

Анам менің – кеудемдегі жүрегім,  

Егер менің қасымда сен болмасаң  

Бұл өмірде қалай ғана жүремін  

 

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,  

Келтірген дүниеге нелер дана.  

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,  

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.  

 

***  

Әжемнің саясында ер жетіп мен,  

Аялы ақ бесікте тербетілген  

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды  

Таппаспын айналсам да жер бетінен.

4,8(46 оценок)
Ответ:
ovenovsp00yl2
ovenovsp00yl2
04.11.2022
Бата -бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқанбасында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медетберіп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Можно выбрать несколько предложений и текст готов.
4,4(43 оценок)
Это интересно:
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ