М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
lenapanfilova0
lenapanfilova0
01.09.2022 05:20 •  Қазақ тiлi

Сын есімді пайдалана отырып Алматы қаласын сипаттап жазыңдар (6-7-сөйлем)

👇
Ответ:
daschkavolf
daschkavolf
01.09.2022

ответ: Алматы– өте үлкен, әдемі әрі дамыған қала. Алматы жеке бір өзі облыс болып тұр. Бұл қала мүмкіндіктер мен армандар қаласы. Түрлі оқу орындары, кітапханалар, үлкен ғимараттар және үлкен көшелерімн ерекшеленеді. Қазақстанның дамыған, үлкен қалаларының бірі. Қысқасы Алматы ғажайып жер, табиғаты да керемет!

Объяснение:

4,6(70 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ElviraNice
ElviraNice
01.09.2022

Мектеп кітапханасы

Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.

Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты,

кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз, ал кітапхана – білім мекені.

Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Дегенмен, менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын. Сонда мектеп кітапханысының қоры көбейіп қана қоймай, оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін.

4,7(49 оценок)
Ответ:
travisbeats
travisbeats
01.09.2022

Көктем келді.

Шуақты көктемді табиғатта тіршілік иесінің бәрі тағаттана күтеді десем, артық айтпаспын. Себебі көктем келісімен, айналадағы тіршілік атаулының бәрі көктем келісімен қысқы ұйқыдан оянып,  табиғат ана да қысқы ұзақ ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Күннің көзі жарқырай түсіп, жылы жақтан құстар қайтып, бейне бір "көктем келді!" деп айналаға жар салғандай әндете түседі. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер шыға бастайды. Сәлден соң ағаштар бүршік жарып, олар кейіннен жапыраққа айналады. Осылайша табиғатқа жан бітіп, жанданғандай күй кешеді. Қысқы ұйқыға кеткен жануарлар оянып, індерінен шығады. Міне, осының бәрі ғажап бір көрініс емес пе?!  

Көктем - менің ең сүйікті жыл мезгілім. Көктемде сонымен қатар қазақ халқы үшін басты мейрамдардың бірі - Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойланады.

4,5(56 оценок)
Это интересно:
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ