М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
trekstreks919ozyvc1
trekstreks919ozyvc1
23.06.2021 05:03 •  Қазақ тiлi

"Жазушы және қоғам" эссе быстро !!

👇
Ответ:
slavi4ka
slavi4ka
23.06.2021

Объяснение:

Қаламгердің қадірі мен әдебиеттің әлеуеті туралы айтылса, Кеңес дәуіріндегі әдебиеттің оқылымдылығы мен жазушы беделі сөз бола кетеді. Ол заманда коммунистік идеологияны жүзеге асырушы орган ретінде әр шығарманың қандай тезден өткенін көзіқарақты оқырман жақсы біледі. Тезінен өткізіп алған шығарманы таратуға билік те мүдделі еді. Ал қазір шығармашылық адамдарының туындылары ондай тезден өтпейді. Тиісінше таралымы да бұрынғымен салыстырғанда, мардымсыз. Мұндайда қаламгерлердің қадірі туралы сөз қозғау қиын, сіздіңше мәселенің мәні неде?

Қатаң цензураның үдесінен шыға жүріп, сол кезеңдегі қазақ қаламгерлері қазақтықтан алыстамаған, рухы биік ұрпақ өсіріп шықты. Олардың шығармалары тәуелсіздікті алу жолындағы рухани күштің эпицентрі болды десек, артық айтқандық болмас. Оның дәлелін кешегі Желтоқсан оқиғасына қатысқан өршіл буынның бойынан байқау қиын емес. Жалпы, әдебиеттің белгілі бір дәрежеде мемлекеттік идеологияға қызмет етуіне деген көзқарасыңыз қандай? Оның мемлекеттік сананың қалыптасуы мен нығаюына  әсері бар ма? 

4,4(34 оценок)
Ответ:
бюро
бюро
23.06.2021

Объяснение:

Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.[1]

4,7(3 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
vlldboom
vlldboom
23.06.2021
Қыз Жібек - қазақ халқының жыры, қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастандарының ішіндегі ең көркемі. «Қыз Жібек» жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің символы, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш.
Мазмұны
"Қыз Жібек" жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. Екі бөлім - екі оқиғаны жырлайды, бірақ сюжет біреу: жігіттің үйленуі.
"Қыз Жібек" эпосын махаббат гимні деудің әбден жөні бар. Оның нағыз көркем туындыға айналу процесі жүріп жатқан кезде, яғни ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамында жеке бастың, сезімнің бостандығы, махаббат еркіндігі туралы мәселе мұндай деңгейде ашық айтыла бермеген, ескі рулық заманның неке мен отбасына қатысты ежеқабыл, қалыңмал, көп әйел алу, әмеңгерлік сияқты салттары үстем болған. Солай бола тұрса да, "Қыз Жібек" жырының шығуы сол дәуірдің өзінде-ақ халықтың идеал туралы эстетикалық пайым-түсінігінде белгілі бір дәрежеде өзгеріс болғанын айғақтайды. Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі - сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір себебі осында болса керек.
Төлеген - қазақ эпосы, тіпті бүкіл қазақ фольклоры үшін жаңа кейіпкер. Ол Қозы Көрпештен де өзгеше. Қозының бейнесінде батырлық қасиет көп. Ал Төлеген - нағыз лирикалық кейіпкер. Ол бай болуды, батыр болуды көксемейді. Оның арманы - өзіне лайықты сұлуды сүю, соны өзіне өмірлік жар ету. Жыршы да осыны айтады: "Батырлық, байлық кімде жоқ, Ғашықтық жөні бір басқа". Демек, сол кездің қоғамында осындай ой-пікір болған, яғни ел ішінде махаббатты - өте таза, бәрінен ерекше, биік сезім, оны кез келген адам біле бермейді деген ұғым қалыптасқан. Нақ осындай ерекше сезім Төлегенді әкесінің бата бермегеніне қарамастан алыс жолға жалғыз аттандырады. Төлеген үшін өмірдің мәні де, сәні де - махаббат, махаббат үшін күресіп, өмір сүру, сүйгеніңе үйлену. Сондықтан да болу керек, оның мінезі де, істері де әдеткі эпостағыдай емес. Ол аң да ауламайды, мал да бақпайды, жастайынан ерлік мінез де танытпайды, батырлық өнерді де үйренбейді. "Періште сипатты ұл" боп тууының өзі - оның ерекше сұлу болатынын білдіреді. Демек, ол батыр болмайды: Төлеген кәдімгі батырларша "сағат сайын" өспейді, бозбала кезінде ешбір ерлік іс-әрекет жасамайды. Есесіне он екі жасында өзіне пара-пар сұлу қыз іздей бастайды. Он алты жасқа толғанда ат тұяғы жететін жерді түгел шарлап шығады. Қыз Жібек туралы ести сала ол еш ойланбастан жолға шығады.
Егер Қозы Көрпеш қалыңдығының ауылына жалғыз аттанып, көп қиындық көріп, ұзақ жүріп жетсе, Төлеген қасына бірнеше нөкер ертіп, "жылқыдан екі жүз елу жорға алып, бірнеше күн жол жүріп, Шекті деген елге келіп, шатырды тігіп, жорғаларын жайып салып, жұртқа жар салады". Байқайтынымыз - Төлеген алыс елге шаршамай-талмай, еш қиналмай, аз-ақ күнде жетеді. Оның қызды таңдауы да өзгеше. Қызын көрсеткен әрбір адамға бір жорғадан береді. Тіпті, Төлегеннің өзі Жібекке құда түседі. Бұл да - оның ерекшелігі. Оның құда түсу әдісі де айрықша. Алдымен жұртқа жорға таратып, Шекті еліне "мырзалықпен" танылады да, Қаршыға арқылы Жібекті көруге мүмкіндік алады. Бұл жерде Төлеген тағы бір мінез көрсетеді. Ол Қаршығаның сөзіне сеніп қана Жібекке іңкәр болмайды, мақтаулы қызды өз көзімен көргісі келеді. Яғни, Төлеген қызға сырттай ғашық болғысы келмейді, қызды өзі сынап, өзі тілдесіп қана бағаламақ. Міне, жастайынан өзіне тең қызды іздеген Төлеген мұнда да сол әдетінен таймайды.
4,7(50 оценок)
Ответ:
guzaliyakildi
guzaliyakildi
23.06.2021
Қазақстан ( Қазақстан [qɑzɑqˈstɑn]), толық атауы Қазақстан Республикасы ( Қазақстан Республикасы) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқанмемлекет. Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларынадейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлімен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізіарқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азовжәне Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км жәнеҚырғызстан — 980 км, ал шығысында —Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[5]. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізіменшайылады[6].

2016 жылдың 1 қаңтарға елдегі тұрғындар саны - 17 670 957 адам бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).

Елдің астанасы - Астана қаласы.Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі -орыс тілі.

Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түpлі. Хaлықтың үлкен бөлігін қазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 66,01%, орыстар - 21,05%,өзбектер - 3,07%, украиндар - 1,7%,ұйғырлар - 1,44%, татарлар - 1,17%, басқа халықтар - 5,56%.[7] Халықтың 70 пайызынмұсылмандар құрайды, проваславты христиандар - 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.[8]

Экономикалық көрсeткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі - құрайды. Экономиканың негізгі бағыты отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауылшаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы - теңге.

1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатарЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына жәнеЕуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнешехалықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.
4,5(35 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ