Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.[1]
Дәйек сөз, негізінен, ба з материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.
Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады
Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уакытбойы «казақ» терминінің шығу-ын түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасап келеді. Айтылғ-ан көзқарастар ауқымы өте кең,мейлінше иланымды ғылыми болжамдар-дан қиыннан қиыстырылыпшығарылған этимологияларға дейін бар. Алай-да, казақ сөзінтүсіндіретін түпкілікті пікірді, тегінде, әзірше ешкім айта алган жоқ.,
Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуына байланысты соңғы уақытта жалпы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне және атап айтқанда қазақ терминіне ден қою едәуір арта түсті. Ғылыми басылымдар мен газет-журналдардың беттерінде қазак терминіне әйтеуір бір қатысы бар жарияланымдар пайда бол-ды. Бірен-сарандарында ғана болмаса, оларда баяндалған пікірлер өткен кез-дерде айтылған кезқарастарғанегізделген.
Объяснение: