Біздер, жеті – сегіз бала, жаздыгүні тоғайға бардық. Тоғай таудың етегінде, ағашы қалың, іші көлеңкелі екен. Ағаш көлеңкесінде отырып дем алдық. Күннің қызуы күшейе түсті. Шөлдеген соң, жиде теріп жедік. Кенет тоғай іші қара көлеңке болып кетті. Аспанды қалың қара бұлт бүркеді. Жел тұрды. Найзағай жарқылдап, күн қатты күркіреді. Жаңбыр басталды. Біздер бір биік ағаштың түбін паналадық. Жаңбыр шелектеп құйды. Киімдеріміз су болып қалды. Көп ұзамай бұлдырап, жаңбыр басылды. Күннің көзі көрінді. Киімдерімізді сығып, кептіріп алдық. Содан кейін үйді - үйімізге қайттық. құрмалас сөйлем ді тауып жәй сөйлемге айналдыр
Менің хоббиім - спортпен шұғылдану.
Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады.
Менің сүйікті хоббиім - спортпен шұғылдану, атап айтқанда, волейбол. Арнайы спорт мектебінде жаттығып жүргеніме екі жылдан асты. Жаттығу күндерін асыға күтіп, бар күш - жігерімді жұмсап айналысамын. Болашақ өмірімді де спортпен байланыстырамын. Жаттықтырушыларымның арқасында бірнеше спорт сайыстарының жеңімпазы, жүлдегері атанып жүрмін.
Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын. Өз басым спорт үйірмесіне күнде бармасам, күнделікті таңертең жаттығу жасаймын. Таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Қай спорт түрі болмасын үлкен табандылық пен төзімділікті талап етеді. Жеңіс оңай келмейтінін есте сақтауымыз керек. Тек қажырлы еңбек пен алға қойған мақсатқа ұмтылу арқылы биік белестерден көрініп, еңбегіміздің жемісін бағалай аламыз.