М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
маря39
маря39
30.12.2021 02:00 •  Қазақ тiлi

тарау бойынша алған білімдерінді қолданып, сақ

👇
Ответ:
dianamakhmutova1
dianamakhmutova1
30.12.2021

Қазақ мемлекеттігінің түп-тамырын зерттеуді сақ, үйсін, қаңлы және ғұн тайпаларының әлеуметтік құрылымынан бастаған жөн. Ғылымда бұл көшпелі тайпалардың әлеуметтік құрылымы аз зерттелген. Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д. VII ғ. — б. з. V ғ.) көшпелі қоғамда малға жеке меншіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді. Сөйтіп, мемлекеттік құрылымның пайда болуы жүзеге асты. Сактардың мемлекеттік құрылымынан олардың көршілері Ахеменидтік Иран мен Грек-Бактриялық мемлекеттердің әсерін байқауға болады. Ал үйсіндерден Хань (Қытай) патшалығының әсері сезіледі. Сақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды қалпына келтіруде жазба деректері мардымсыз, сондықтан археологиялық деректерге көбірек жүгінетін боламыз. Жетісудағы сақ дәуірінің обалары біршама жақсы зерттелген. Биіктігі 18—20 метрге дейін жететін патша обалары ағаштан салынған. Мұндай сақ пирамидаларының ішіндегі зәулімі — Үлкен Бесшатыр қорымы (Іле өзені маңы). Орасан зор Бесшатыр патшалық обасының салынуы қоғамда әлеуметтік жіктелудің болғандығын көрсетеді. Жекелеген адамдардың әлеуметтік артықшылығын білдіреді. Ал әлеуметтік теңсіздіктің болуы мемлекеттіліктің алғашқы баспалдақтарының біріне жатады. Алғашқы кездегі сақ коғамын әскери-демократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскери-демократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери-демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана жасалмайды. Байлық — ендігі жерде — соғыс, басқа жұрттардың мал-мүлкін тартып алу арқылы жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тең бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болған. Бұл бара-бара мүлік теңсіздігіне әкеліп соқты, бара-бара қоғамда бай, кедей топтар қалыптаса бастады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптық қоғамдағы меншікті корғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат — мемлекет пайда болды. Антикалық авторлардың деректері бойынша, сақтарда патшалар мен патшайымдар болған. Олардың кол астындағы жұртына әмірі күшті болды. Сақ патшалары соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешті, басқа елдерге елші тағайындады, сырт елдермен одақ құру мәселесіне басшылық жасады, әскерді басқарды. Патшаны бір рудан ғана сайлады. Егер патша өлсе, оның орнына інісі патша болып сайланды. Үлкен мемлекеттік істерді шешуде патша кейде ел құрылтайын шақырды. Бұл сақтар мемлекеттік жүйесінде демократиялық қағиданың болғандығын көрсетеді. Антикалық автор Аррианның дерегіне сүйенсек, сақ патшасы елді өзінің сатраптары (кызметшілері) арқылы басқарды. Олар патшаның белгілі бір аймақтағы немесе тайпадағы өкілі болып есептелді. Сақтардың басқару жүйесіндегі келесі бір буын — әскери-тайпалық ақсүйектер болатын. Сақтардың әлеуметтік кұрылымы жөнінде тікелей жазба деректер жоқ. Сақтармен мәдени-генетикалық туыстас, қоғамдық дамуы деңгейлес скиф тайпалары жөніндегі жазба деректерді сақтар тарихына қатысты ғалымдар жиі пайдаланады. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, сақтардың әлеуметтік құрылымында қоғамдық- әлеуметтік сатының ең басында патшалық ру тұрған. Патша тек сол рудан ғана сайланған. Бұл дәстүр жерімізде сақтардан кейін өмір сүрген ғұндарда, одан түріктерде, тіпті бергі Қазақ хандығында да жалғасын тапқан.[1]

Объяснение:

4,5(26 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
пикачу87
пикачу87
30.12.2021

аяна деп кой

Әрбір қазақ отбасында дүниеге сәби келгенде оған жарасымды, мағыналы, әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбір отбасылар заманауи ат қойса, енді кейбіреулері ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін қояды.  

Әдетте бала есімін елге сыйлы, құрметті, беделді азаматы қояды. Сәбиді қолына алып, сәбидің аяғын құбылаға қаратып жатқызып немесе қолына алып, оң құлағына азан шақырып, сол құлағына қамат түсіріп, көпшіліктің көзінше сәбидің есімін екі құлағына үш мәрте қайталап айтады. Осы сәттен бастап, қазақта ата-ананың бала алдындағы міндеттері басталды деп есептеген. Нәрестеге есімді егер оның ата-әжесі тірі болса, міндетті түрде солар ұсынған ат қойылады. Осылайша менің есімімді әжем таңдап, «аяна » болсын деп шешіпті. аяна– есімі әдемі  есім

4,7(85 оценок)
Ответ:
Школяяяра
Школяяяра
30.12.2021

«Алтын адамның» бас киімі сақтардың ғарыш туралы танымының мысалы. Бұл үш әлемнің өзіндік үйлесімділігінен құралған модель: жерасты, ортасы – жер, жоғарғы жағы – аспан. Әлемнің төрт бұрышы бар – оң, сол, алды және арты.

Алдыңғы бөлігі – шығыс жақ, артқы бөлігі – батыс жақ. Бас киімдегі оюлар көлденең үш бөлікке бөлінген. Алтын таулар мен ағаш тізбесімен жиектелген. Тау етегінде «қыс аңдары» – жолбарыстар мен ешкілер бейнелеген. Ал шыңында – құстар, қанатты жолбарыстар (тигрогрифондар).

Ою-өрнектің жиегі әлемдік тау жотасын білдіреді, сақтардың көзқарасы бойынша, әлемді барлық жағынан қоршап тұр деген сөз. Ою әлемнің үш бөліктен құралғанының символы іспеттес: жерасты әлемі, жер, аспан.

Сақиналы фриздердің төрт айқас секілді орналасқан төрт жақтағы нүктеде аңдардың (барыс, тауешкі) бейнесі орналасқан.

Бас киімнің алдыңғы бөлігінде барлық ғарыштың символы – күн эмблемасы жайғасқан: төрт қанатты ат пен төрт алтын жебе. Бұл барлық үш әлемнің үстіндегі билік пен күн жолындағы әлемнің төрт бөлігінің белгісі.

Адамға мұндай тәжді кидіру – барлық ғарыш туралы аңызға билік ету. Көсем мен басындағы, үстіндегі киімдер әлемнің өсін, яғни орталығын білдіреді – бұл әлемнің құрылымы туралы сақтардың мифологиялық көріністері.

 

 

4,4(19 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ