Менің отаным Біздің отанымыз
Сенің отаның Сендердің отандарың
Сіздің отаныңыз Сіздердің отандарыңыз
Оның отаны Олардың отаны
Менің компьютерім Біздің компьютеріміз
Сенің компьютерің Сендердің компьютерлерің
Сіздің компьютерлеріңіз Сіздердің компьютерлеріңіз
Оның компьютері Олардың компьютерлері
атау отан компьютер
ілік отанның компьютердің
барыс отанға компьютерге
табыс отанды компьютерді
жатыс отанда компьютерде
шығыс отаннан компьютерден
көмектес отанмен компьютермен
"Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап.
Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын. Сондықтан да, "кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді Горький. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады.