Бір сәт қиялға беріліп, арманның жетегіне еріп, ертегідегідей алтын балық ұстап алсам, қайтер едім? Қандай тілек тілер едім? деген сұрақтарға жауап іздеп көрейінші...
Әрине, қазіргі материалдық қоғамда ең алдымен ойымызға көп ақша келетіні сөзсіз, себебі қалтаңда ақшаң жеткілікті болса, біраз нәрсеге қол жеткізуге болатыны сөзсіз. Ең бірінші ойыма ақша келгенімен, өмірдегі басты құндылық ақшалай байлық емес, денсаулық пен отбасының амандығы екенін ұмытпаған жөн. Ата - әжелеріміз "ақша - су, бүгін бар, ертең жоқ" демекші, ақша тез жұмсалып кетеді. Сондықтан мен ең алдымен отбасы мүшелері мен өзімнің амандығымды тілер едім. Бұл – бірінші тілегім делік.
Тағы не сұрасам екен? Келесі кезекте отбасыммен әлем елдеріне саяхатқа аттанар едім. Ел аралап, жер көру, басқа адамдар мен мәдениетпен танысу, әрі ағылшын тілін қолданып, үйрену – менің арманым. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады.
Және үшінші тілегім - мектепті ойдағыдай аяқтап, еліміздегі беделді оқу орындарының бірі - С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне оқуға түсуді армандаймын. Бұл мені болашақта ғалым болуға бір қадам жақындатады. Аталған оқу орнын ойдағыдай тәмамдап, білімімді шетелде шыңдап, одан кейін елге оралып, медицина саласын дамытқым келеді.
Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.