М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
duyquhuseynli
duyquhuseynli
22.08.2020 13:21 •  Қазақ тiлi

5-тапсырма ақпарат құралдарынан соғыс кезінде жетім қалған балалар туралы мәлімет жина.Соғыс уақытындағы балалар өмірі туралы ойтолғау жаз.

👇
Ответ:
Rayanna1
Rayanna1
22.08.2020

Объяснение:

Тағдыр қаншама қаһарын төгіп, дүниенің ойраны шығып жатса да, біз, соғыс кезіндегі бейкүнә сәбилер, өмірдің өзін қаз-қалпында түсіндік. Біз үшін басқа түрлі өмір жоқ сияқты еді. Аштық, жалаңаштық, қақаған қыстың суығына тоңу, жаздың аптап ыстығына күю тас маңдайымызға қаттап-шоттап жазылып берілгендей еді. Таланымызға тап келген тылсым тіршілікті тілдеп, сөгу дегенді білмедік. Аштықтан шегіміз шұрылдап, ішкі ағзаларымыз бірін-бірі жалмап жеп жатса да, қыңқ етіп сыр бермедік. Арамызда үздігіп барып, үзіліп кеткендер де болды. Оларды ауыл іргесіндегі қорымға қойып қайту соғысқа жарамсыз болып елде қалған ересектердің міндеті еді. Әйтеуір, жер бетінде, ауыл шетінде төмпешіктердің көбейгенін көзіміз көрді. Бірақ, төмпешікке айналып кеткен сәбилердің нақты қанша екенін ешкім айта алмас еді.

Соғыс кезіндегі бүлдіршіндердің алғаш рет адамша тіл сындыруы “Апа, нан берші”-ден басталғаны анық. Тесік тамақтан өтерлік не болса соны қаужай бергендіктен бе, қарындары асқабақтай дөңгеленіп, қылдырықтай мойындары жұдырықтай жұмыр бастарын әзер ұстап тұрғандай бүлдіршіндердің кескін-кейіптері де ұсқынсыз көрінетін. Сол түрлеріне қарамай, жүгіре жөнелгенде тауықтың балапандарындай бытырай қашып зымырайтын. Олардың “таңғы асы” осы ауылдың малының да, жанының да ырзығына жаралғандай айдыны жарқырап жататын екі дөңнің арасындағы шар айнаға ұқсас “Маса” көлінің ну ормандай қамысы еді. Жиектегі қамысты шапыр-шұпыр қаумалап су түбінен сүйрік тартып, май қоғаны ауыз толтыра күйсіткенде езулері көбіктеніп, жерік асқа тойынып-ақ қалатын. Бірақ, қоға жеудің де өзіндік әдіс-амалдары бар. Аштық қанша қысса да, қамысты тоя жеуге болмайды. Ашқарақтанып, шамадан тыс жеп қойған баланың іші ауырады. Тіпті, өліп те кетуі мүмкін. Тіршілікке деген құштарлықтары басым, мезгілінен бұрын ержеткен сұңғыла балалар бұл жағдайды жақсы біледі. Өздерінше сақтанады.

Біздің қыбыр-жыбыр тіршілігімізге қолдау көрсетіп, тіршілігімізді түлеткен қамқоршыларымыз да болды. Олар нағыз ел қамын жеген Едігелер еді. Алдындағы бір түйір нанды өздері жемей, ұрпақтарына ұсынған ақсақалды аталарымыз бен ақжаулықты әжелерімізді қалай ұмытарсың?!. Солардың бірі ауылымыздың үлкені, ақылманы болған сексеннің сеңгіріндегі Бидалының Әбілғазысы еді. Ауылдағы жалғыз балықшы да сол кісі болатын.

Алып денелі, айрыла шыққан күміс сақалы нар кеудесін жапқан Әбекеңнің мейірім төккен жүзі де ерекше еді. Шағын қайыққа көсіле отырған атамыз көл бетіндегі барлық тіршіліктің иесі сияқты көрінетін. Судың бетін қақ жарып бабымен жылжып келе жатқан атамыз көл ішіндегі бар байлықты өзімен бірге жетектеп келе жатқан су иесі Сүлейменге ұқсайтын...

4,7(33 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
fil0
fil0
22.08.2020

Сөйлемге фонетикалық талдау жасау:

Торы дөнен қос аяқтап шаба жөнелген.

(С.Мұратбеков).

Торы – 2 буын: то – ашық, ры – ашық.

Т - дауыссыз, қатаң;

О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;  

Р – дауыссыз, үнді;  

Ы- дауысты, жуан, қысаң, езулік;

Сөзде 4 әріп, 4 дыбыс бар.

Дөнен – 2 буын: дө – ашық, нен – бітеу.

Д - дауыссыз, ұяң;

Ө - дауысты, жіңішке, ашық, еріндік;  

Н - дауыссыз, үнді;

Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;

Н - дауыссыз, үнді.

Сөзде 5 әріп, 5 дыбыс бар.

Қос – 1 буын: бітеу.

Қ - дауыссыз, қатаң;

О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;  

С - дауыссыз, қатаң.

Сөзде 3 әріп, 3 дыбыс бар.

Аяқтап – 3 буын: а – ашық, яқ – тұйық, тап – бітеу.  

А - дауысты, жуан, ашық, езулік;

Я – қосарлы дыбыс:

     - й - дауыссыз, үнді;

     -а - дауысты, жуан, ашық, езулік;

А - дауысты, жуан, ашық, езулік;

Қ - дауыссыз, қатаң;

Т - дауыссыз, қатаң;

А - дауысты, жуан, ашық, езулік;

П - дауыссыз, қатаң.

Сөзде 6 әріп, 7 дыбыс бар.

Шаба – 2 буын: ша — ашық, ба – ашық.

Ш – дауыссыз, қатаң;

А - дауысты, жуан, ашық, езулік;

Б – дауыссыз, ұяң;

А - дауысты, жуан, ашық, езулік;

Сөзде 4 әріп, 4 дыбыс бар.

Жөнелген- 3 буын: жө – ашық, нел – бітеу, ген – бітеу.

Ж - дауыссыз, ұяң;

Ө - дауысты, жіңішке, ашық, еріндік;

Н - дауыссыз, үнді;

Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;

Л - дауыссыз, үнді;  

Г – дауыссыз, ұяң;

Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;

Н - дауыссыз, үнді.

Сөзде 8 әріп, 8 дыбыс бар.

4,8(15 оценок)
Ответ:
anigrigoryan01
anigrigoryan01
22.08.2020
Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстіртіарқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі.

Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).

Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері — Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.

Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т.б. жатады.

Арал теңізі алабына Оңтүстік жәнеОрталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу,Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.

Балқаш-Алакөл көлдер жүйесінеҚазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лeпci, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б.
4,5(76 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ