118 сабақ Біздің жобамыз 4 сынып Сөйлем ішінде өзге мүшелерден оқшауланып тұратын сөздерді жиі кездестіресің бұл сөздер сөйлем мүшесінің қызметін атқармайды тек сөйлем мағынасын айқындауға қатысады сондай сөздердің бірі-одағай.Одағай сөздердің қандай құрамдық мағыналық ерекшеліктері барын байқап көрелік
1)Құрамдық түрлері негізгі ау, па, әй ,пай ,беу туынды бәрекелді,айпырым ай күрделі пай пай,шөре шөре
2) Мағыналық түрлері көңіл күй алақай оһ қап жекіру тәйт тек
шақыру көс көс құрау құрау
3)одағай сөздер сөйлемде жай қалыпты дауыспен айтылса үтір арқылы ажырытылады бәрекелді өнерді бала екен
4)одағай сөздер сөйлем ішіндегі басқа мүшелерден көтеріңкі ерекше дауыспен айтылса олардан кейін леп белгісі қойылады Алақай мен жүлдегер атандым
•Әдебиеттік оқу кітабынан одағайы бар мәтін тауып одағай сөздерді құрамы мен мағынасына ажырат
Емен (лат. Quercus) – шамшаттар тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма – сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт – сегіз жыл сайын жаңғағы көбейе береді. Бес жүз – мың жыл және одан да көп уақыт (мысалы, Литвадағы Стелмужи табиғи саябағындағы еменнің жасы – екі мың жылға жуық) өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен орманы кездеседі. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі – кәдімгі емен бар. Оның биіктігі 40 – 50 м. Діңі бірнеше жуан бұтақтан тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті қалың қабықпен қапталған. Жас өркені жапырақсыз, қызғылт-қоңыр болып келеді. Жапырағы ірі (ұзындығы 7 – 20 см-дей), дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз гүлдері дара жынысты, аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі – үштен бірігіп, гүл сабағына шоғырланған. Сәуір – мамырда гүлдеп, қыркүйек – қазан айларында жеміс береді. Тұқымы – жаңғақ. Жаңғағынан мал азығы және кофе қо дайындалады. Емен қабығының құрамы илік зат – танинге бай, олар медицинада, тері өнеркәсібінде қолданылады. Сүрегі қатты әрі берік, аса бағалы құрылыс материалы ретінде өнеркәсіпте (мысалы, кеме, вагон, жиһаз жасау, т.б.) пайдаланылады.