Төменде берілген тұрақты сөз тіркестерін мағыналық сәйкестігін тауып, көшіріп жазыңдар.
1Қан кешті
2Мойнына артты
3Төбе көрсетті
4Аузынан дүр шашты
5бата алмады
6бетінен басты
7ғилман болды
8душар болды
9еркі кетті
10жағы құрысты
11зарп ұрды
12көзі түсті
А бір келіп көрініп қайтты
Ә батылы бармады
Б жанын құрбан кылды
В ықтиярынан айырылды
Г теуіп тастады.
Ғ сөз айтты, сөйледі
д кескілесіп соғысты
E үні өшті
Ж ұялды, қысылды
И назары ауды
К кезіге кетті
З мәжбүр етті
К кезіге кетті
Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.