ТЫҢДАЛЫМ АЙТЫЛЫМ -тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.
АПАМ МЕНІҢ
Апам менің...
керек
Менің апам – Қолы алтын, құдіретті әйел еді. Қазақта осындай мықты,
ақылды ұлы әйелдер болғаны қандай жақсы! Ертеректе қазақ әйелі не істеу
болса, түгел апамның қолынан келетін.
Үлкен әпкем Шолпан тұрмысқа шықты. Әпкемнің жасауын апам өзі
дайындады. Бір айдың ішінде жіп иіріп, оюлап сырмақ жасады, киіз басты,
Тұскиіз бен құрақкөрпе тікті.
Апам менің...
Жаз өтіп, қылышын сүйретіп қыс келді. Орман-тоғай, тау-тас аппақ. Ал-
тай өңірінің әрі жүдеу, әрі көңілді шағы туды. Апам қарағайдың қабығы-
на бояған қызыл тонымды киіп, ойнауға шығамын. Қолыма былғары қол-
ғабымды, тымағымды, ақ пимамды киемін. Шанамды сүйреп шығамын.
Қайыңды иіп, шанамды да апам істеп берген. Сонда Әңгiштайдың өзім
секілді бар баласы маған қызыға да қызғана қарайтынын, жағымсып мені-
мен дос болғысы, менімен ойнағысы келетінін біліп, танауымды шүйіремін.
Мәтінді ойбөліктерге бөл.
Әр ойбөлікте не туралы сөз болғанын айт,
Мәтінге тағы қандай тақырып қояр едің?
- Не себепті?
Составьте диаграмму
.
.
Менің сүйікті ойыншығым туралы.
Әрбір балада көптеген ойыншық түрлері болатыны сөзсіз – ата – анасы, әжелері мен аталары, ағалары мен апалары туған күн, жаңа жыл, мереке секілді күндері түрлі ойыншықтар сатып алып беріп жатады. Менде де бөлмемде ойыншықтарымды жинайтын шкафта бос орын жоқ. Дегенмен, осы көптеген түрлі ойыншық ішінде менің сүйсініп ойнайтын ойыншығым - ол ағаштан әзірленген біздің ас үйіміздің кішігірім көшірмесі. Ата – анам туған күніме сыйлаған болатын. Әкем оны өз қолымен ағаштан жасап, сыртын арнайы ойыншықтарға арналған боуямен бояп берген болатын. Қолдан жасалған ойыншық болған соң өзіме аса ыстық. Барлық есіктері ашылып, шкаф ішіне ойыншық ыдыс – аяқты жайғастырып қоюға болады. Тіпті тоңазытқыш пен ас әзірлейтін пеш те бар. Сабақтан бос уақытта осы ас үй ойыншығымен ойнағанды ұнатамын. Түрлі тамақ әзірлегендей елестетіп ойнаймын. Одан қуыршақтарым мен жұмсақ ойыншықтарымды отырғызып қойып, оларға «пісірген» тамақты беріп, ойнағанды жақсы көремін. Анам тамақты өте дәмді әзірлеп, неше түрлі тәттілер пісіреді. Мен де бой жеткенде анама ұқсап тамақты дәмді әзірлеп, отбасымды қуантқым келеді.Ал әзірге мен тек үйреніп, анамның істегенін қайталауға тырысып жүрмін.