2-тапсырма. Төмендегі "адасқан" сөйлемдерді оқыңыздар. Мағынасына қарай отырып, сөйлемдерді өз орындарына қойыңыздар.
1. Жалпы тіркеуге тұрмас бұрын, бұрынғы тіркеуде тұрған жеріңізден шығып, тіркеуден шыққандығыңыз туралы анықтама алыңыз.
2. Азаматар үшін маңыздысы -- тұрғылықты мекен - жай бойынша тіркелу (прописка).
3. Оңсыз сізді жаңа мекен-жайға тіркеуге қоймайды.
4. Сіздің тіркеуден шыққандығыңыз туралы азаматтарды тіркеу кітабына (үй кітапшасы және тіркеуден шығу қағазына штамп (мөр) қоюы керек.
5. Тіркеуден шығару қызметі тегін. Мерзімі -- 2 күн.
Пысықтауыш - сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүше. Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті? кім үшін? не үшін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше рет? Деген сұрақтарға жауап береді.Толықтауыш - сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүше. Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім (не) туралы жөнінде? кім (не) жайында?