Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.
Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады.
Жеңіс күні - ең маңызды мерекенің бірі. Осыдан 69 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Адамзат тарихындағы бұл соғыс үлкен қиыншылық әкелді. Отанын қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары,жанқиярлық істері жеңіс күнін жақындатты. Қазақ халқы сұрапыл соғыс жылдары өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімі мен сүйіспеншілігін дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жеңіс күні оңайлықпен орнамады. Көптеген жауынгер майдан даласында қазақ тапты. Сондықтан, Отан үшін отқа түскен жауынгер-солдаттар мен офицерлердің қайсарлығы және ерен ерлігі ешқашан ұмытылмайды.