Бабаларымыз ежелден «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін аса жоғары бағалаған. Ақындар сөз сайысы кезінде жеңіске жетудің жолын іздеп, нақты дәлелдер келтіріп, сөзбен жеңген. Айтыста ақындардың импровизациясы, логикасы мен дәлелінің күштілігі анық байқалуы тиіс. Сөз өнерінің, образды, көркем ойлардың тілдік көрінісін айтыс өлеңдерінен көреміз.
Ақындар тіліндегі көркем құралдарының бірі – мақал -мәтелдер. Мақал-мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. Мақал-мәтелдердің ерекшелігі – мазмұны терең, аз сөзбен көп мағына береді және көпшілігі есте тез сақталады. Айтыс өлеңдеріндегі мақал-мәтелдер тілдің эстетикалық қызметін күшейтіп, өлең сөзді әсерлі етеді. Ал қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер әдеби тілімізді байытуға қосқан айтыс ақындарының үлесі екендігін көрсетеді.
Мәтіннің жанрына тән 2 ерекшелікті белгілеңіз.
Өзіңіз таңдаған айтыскер ақынның бірімен сұхбат мәтінін жазыңыз.
Сүйінші сұрау
Қазақ халқында қуанышты сәттерде сұралатын және берілетін кәде-сыйлардың түрі өте көп. Соның біреуі – сүйінші сұрау. Сүйінші – жақсылықтың белгісі. Сүйінші сұрау дегеніміз – қуанышты хабарды жеткізушінің сұрайтын сыйы. Әдетте жақсы хабарды жеткізуші «сүйінші, сүйінші» деп дауыстап, ал жаңалықты есту үшін үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Сүйінші ретінде ақша, бағалы зат немесе сұраушының қалаған заты беріледі. Бұл жақсылықты жақындармен бөлісіп, қуанышқа ортақтасу мақсатында қалыптасқан жөн – жоралғы. Бүгінгі күнге дейін сақталған.