Ғылым мен таным. БЖБ. Задание №1
Не сдано
keyboard_arrow_down
Ғылым мен таным. БЖБ.
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі негізгі, қосымша ақпараттарды және көтерілген мәселелерді ажыратыңыз. Негізгі ақпараттың тұсына «+» белгісін, қосымша ақпараттың тұсына «-» белгісін, ал мәселенің тұсына «?» белгісін қойыңыз.
IPhone 6 смартфонын құлтемірлер құрастырады
Apple өнімдерін құрастыратын «Foxconn Technology» компаниясы жұмысшы адамдарды құлтемірлерге ауыстыруды бастады. Нақтырақ айтсақ, iPhone 6 смартфондары жиналатын конвейерлер толық құлтемірлер арқылы басқарылатын болады, - деп хабарлайды «mashable.com» сайты. Қазіргі кезде «Фоксбот» (Foxbot) деп аталатын арнайы жабдықталған автоматты құрылғылар тәжірибе жүзінде тексеруден өтіп жатыр. Алдағы уақытта «Foxconn» зауыттарының бірі осы құлтемір аппаратымен жұмыс жасайтын болады. Ал Apple компаниясының мобильді құрылғылары жансыз темір аппараттар жасап шығарған алғашқы өнім болмақ. Бұл ақпаратты «Foxconn» компаниясының атқарушы директоры Терри Гоу акционерлердің жиналысында хабарлады. Гоудің жасаған хабарламасына орай, iPhone сериядағы жаңа смартфондарды құрастыратын компания 10 000 «Фоксботты» іске қоспақшы екен. 20 000-нан 25 000 АҚШ доллары шамасында тұратын әрбір темір жұмысшы компанияға қаржының біршама үнемдеуін алып келеді. «Apple Insider» ақпаратына сенсек, бүгінде, Қытайда орналасқан «Foxconn» компаниясында 1 миллион адам еңбек етеді екен.
Жалпы бұл жоспар «Foxconn» компаниясында 2011 жылы басталған болатын. Сол кездегі жоспар 10 000 темір аппарат болған. Ал 2014 жылға дейін олардың саны 1 миллионға жетуге тиіс болған. Дегенмен, құлтемірдің бағдарламасын жасау біраз қиындық тудырып, жасалған жоспар уақытынан кешіктірілген болатын . 2014 жылдың наурыз айында Apple iPhone смартфондарының қуат жинақтағышын толық автоматты түрге өткізу туралы ақпарат жарияланған болатын. Оған түрткі болған басты себеп смартфонның құрастырылуы кезінде адам еңбегін көп қажет етуі еді. Дегенмен, бар еңбек құлтемірдің есесіне жазылмасы анық. Қалай дегенмен де, құрастырудың бастапқы кезеңде «Foxconn» компаниясы адам еңбегінсіз белгіленген нәтижеге жете алмайды. Сондықтан компания басшылығы тағы 100 000 адамды жұмысқа алуды көздеп отыр. Себебі біз алдында хабарлағандай, iPhone 6 смартфондарының ең көп мөлшердегі сандық көрсеткішін жоспар бойынша өз уақытында жасап үлгеру мүмкін болмай қалады. Бұл жыл Apple жаңа смартфонның екі түрлі нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр. Қытайлық жабдықтаушылар құрастыруды осы тамыз айынан бастауға дайын.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774 - 1860) — қазақ батыры. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.
Мазмұны
1 Хиуа және Қоқан хандықтарымен күрес
2 Патша өкіметіне қарсы көтеріліс
3 Тағы қараңыз
4 Сыртқы сілтемелер
5 Дереккөздер
Хиуа және Қоқан хандықтарымен күрес
19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.[1]
Осындай зорлық–зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасты. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді.
Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды.
Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап; Ырғызды қыстаған. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болды. И. В. Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қаласының бектері Отыншы, Cушымен бірігіп Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын Құрман би араша түсуді өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады.
1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан соң Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алды. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтіргені үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандайды. Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның батысындағы Құртөбе деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұстайды. Жанқожаға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрікмен Аймұхамед палуанды жасақтарымен жіберді. 1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырады.
Жанқожа Қоқан хандығының Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңақорған, Күмісқорған, Шымқорған және Қосқорған сияқты әскери бекіністеріне де шабуыл жасады. Ол Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарымен белсенді байланыс жасап тұрды. 1845 жылы Жанқожа батыр Кенесары ханның өтініші бойынша Созақ әскери бекінісін басып алуға қатысты. Кейінірек Жанқожа батырдың Қоқан хандығымен көп жылға созылған тартысты оқиғалары басталды. Қоқандықтар 1851 жылы қазақтардың көп малын күшпен айдап алып кетті. Жанқожа батыр Ақмешітке дейін жорық жасады, қоқандықтардың әскери жасағын талқандады, Қосқорған бекініс-қамалын басып алды. Жергілікті қазақтар Қоқан езгісінен азат етілді.
1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері олармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді.
Объяснение: