6-класс «Қазақ тілі» 4-тоқсан БЖБ Оқушының аты-жөні:
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз
Әлемнің ең үлкен кітапханасы
«Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор Еренғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса, біз де ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардын өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі.
Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған. Халиф Әл-Мамун (813-833ж.) Бағдат қаласында «Байт Әл-Хакма» (Даналық үйі) атты ғалымдар үйін ашып, дүниенің түкпір- түкпірінен ғалымдар шақырып, кітапхана қорын әзірлеген. Обсерватория ашқан. Кейін Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған. Бұл «Даналық үйінде» Орта Азияның, гректің, парсының, Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс жасады. Солардың еңбегінің арқасында кейін «араб өркениеті» деген түсінік пайда болды.
«Даналық үйінде» ең бірінші болып Орта азиялық математик Әл-Хорезми басшылық жасады. Әбу Насыр әл-Фараби де Бағдат халифінің шақыртуымен Бағдатқа барған. Осы кездегі Бағдат Халифінің басты уәзірлері Фараб қаласынан болған деген дерек бар.
Халифке ақыл қосатын уәзірлердің тек білімді, қабілетті адамдардан жиналатынын ескерсек, Фараб қаласының бұл заманда ғылым-білім, мәдениеті өте жоғары қала болғаны айтпаса да түсінікті. Ғылым-білімде осындай үлкен жетістікке жеткен Фараб-Отырар қаласының негізгі табыс көзі сауда деп білеміз. Кейін ғалымдар «Ұлы Жібек жолы» деп атаған үлкен сауда жолының күре тамырында орналасқан қаланың табысы жоғары қала болғаны даусыз.
2-тапсырма Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды; /4/
3-тапсырма
Берілген сөйлемдерден үстеулерді тауып, жасалуына және мағынасына қарай топтастыр./7/
1. Олар ертең ерте жүретін болды.
2. Жылқы болса күндіз-түн қыр отына жайылып жүргендіктен, енді ылдиға қарай ұмтыла түсті.
3. Түнде, қызыл іңірде… ұйқыға әдейі кеткен бұл топ күн шыққанша тұрмай жатқан.
4. Үшеуі де жүзбе-жүз келгенде, Абайдан ығып жүретін туыстар.
Реклама
ответы и объяснения
Я · новичок
Знаешь ответ? Добавь его сюда!
ЛУЧШИЙ ОТВЕТ!
filina7235
filina7235 середнячок
Елбасының «Қазақстан-2030» стратегиялық Жолдауында: Жастарды қазақстандық патрио- тизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретiнде тәрбиелеу аса қажет. Олар қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiн бiрдей жақсы меңгеретiн болады. Олар осы арқылы және өзiнiң бейбiт әрi қарқынды дамыған елiнiң патриоты болады деген болатын. Ал әлемдiк дамудың талабына сай бәсекеге қабiлеттi ұлт боламыз десек, оның қатаң талаптарына да күш салуымыз керек. Көптілділік , мультилингвизм, полилингвизм – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Қазіргі заманның талабы - көптілділік. А ң рухани байлығы,тәрбиесі,білімі бәрі де тіл арқылы жетіледі. Яғни, жақсылық та -тілден ,жамандық та- тілден. «Тілменнен түй- ілген, тіспенен шешілмес.» демекші,әр адамның сөздік қоры бай болуы үшін тілін,ой өрісін жан- жақты дамытуы керек. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» демекші,жас ұрпаққа саналы,- мағыналы,өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы.Ең бастысы сол талапқа сай ұстаздар даярлау жоғары оқу орындарына тікелей байланысты.Қазіргі уақытта Қазақстан білімінің жақсы қарқынмен дамуына үкімет тарапынан көп қаржы бөлініп отыр.