Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан, яғни мен Қазақ Республикасының азаматымын. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет.
"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.
Біздің қазақ халқы кең пейіл әрі қонақжай екені баршаға мәлім.
Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Еліміз елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, Ата заңымызда жазылғандай демократиялық, зайырлы мемлекет. Ата заңымызды құрметтеу - әрбір Қазақстан азаматының парызы деп білемін.
Осындай кең байтақ жерде дүниеге келіп, осы елдің азаматы болу - мен үшін үлкен мақтаныш. Болашақта ер жетіп, Отан қорғау саласына бар күш - жігерімді арнағым келеді.
Сондықтан менің тілегім - еліміздің аспанында әрқашан бейбітшілік қыраны қалықтап, туған жеріміздің аспаны ашық болсын!
Жер жүзіндегі жұрттардың бәрінің де түрлі-түрлі мейрамдары болады. Мәселен, дін мейрамы, ұлт мейрамы, мемлекет мейрамы секілді. Өзгелерді былай қоя тұрып, өзіміздің сыбайласымыз орыс жұртын алсақ, бұл туралы қазақтың мақалы да бар: "Орыста мейрам көп, қазақта айран көп". Біздің қазақ айранға бай болғанымен: мейрамға жарлы екендігі осыдан да көрінеді. Жалпы мұсылман жұрттарына ортақ жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз-ақ мейрам бар, ол - Наурыз. Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа Күншығыс жұрттарының көбі, мәселен, Үндістан, Иран, Ауған, Бұхар
Менің Отаным Қазақстан.