Мәтінді мұқият тыңдаңыз (мәтінді ықшамдауға болады). Жұпта мәтіннің қысқаша мазмұнын айтыңыз.
Әлемнің ең үлкен кітапханасы
«Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар
кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профес-сор Еренғайып
Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым,
білім, өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып
кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса, біз де ондай кітапхана болғанын
білмес те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби
туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардың өзінде әл-
Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі
Отырар кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада жүздеген
жылдар бойы қаншама ғалым-дар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын
ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу,
жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс
істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды
кішігірім қалалар-дың көтере алмасы белгілі. Осындай үлкен кітапхананы ІХ ғасырда әлемнің
жарты бөлігі-нен байлық тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған. Халиф Әл-
Мамун (813-833ж) Бағдат қаласында «Байт Әл-Хамка» (Даналық үйі) атты ғалымдар үйін
ашып, дүниенің түкпір-түкпірінен ғалымдар шақырып, кітапхана қорын әзірлеген.
Обсерватория ашқан. Кейін Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған. Бұл «Даналық үйінде»
Орта Азия-ның, гректің, парсының, Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс жасады. Солардың
еңбе-гінің арқасында кейін «араб өркениеті» деген түсінік пайда болды.
«Даналық үйінде» ең бірінші болып Орта Азиялық математик Әл-Хорезми басшылық
жасады. Әбу Насыр әл- Фараби де Бағдат халифінің шақыртуымен Бағдатқа барған. Осы
кездегі Бағдат Халифінің басты уәзірлері Фараб қаласынан болған деген дерек бар. Халифке ақыл қосатын уәзірлердің тек білімді, қабілетті адамдардан жиналатынын
ескерсек, Фараб қаласының бұл заманда ғылым-білім, мәдениеті өте жоғары қала болғаны
айтпаса да түсінікті. Ғылым-білімде осындай үлкен жетістікке жеткен Фараб-Отырар қа-
ласының негізгі табыс көзі сауда деп білеміз. Кейін ғалымдар «Ұлы Жібек жолы» деп ата-ған
үлкен сауда жолының күре тамырында орналасқан қаланың табысы жоғары қала бол-ғаны
даусыз.
Адамның тұлғалық қасиетінің жақсы немесе жаман болып қалыптасуына әсер етуші фактор − жанұя. Бала кішкентай кезінде көрген-түйген дүниелерін кейін өзі бөлек отау құрғанда жаңа отанына алып барады. Және өзі көрген, ұққан дүниелерін өзінің бала-шағасына береді. Сол себепті, жанұя тәртібі, отбасылық тәрбие, былай қарағанда, мәнсіздеу дүние көрінгенімен, оның әулет, ұрпақ, ағайын, мемлекет, отан алдындағы маңызы өте терең.
Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, а үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым - отбасы болса керек. Отбасы – Отаннның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы мекемеде қаланған. Мемлекеттің мықты болмағы оның дана басшысына байланысты болғаны сияқты, отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз. «Үйлену оңай, үй болу қиын» десек те, отбасын құрған әрбір жан үйленерде бақытты болам деп емес, жарымды бақытты қылам деген мақсатпен үйленсе, көп қиындықтың басы шешілер еді. Қазіргі қоғамымыздағы ажырасу дерегінің күн санап өсіп келе жатқандығы көңіл алаңдатады. Отанымыздың тұғыры мықты болуы үшін Отанды құрайтын отбасы мықты болуы керек.