М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Roma1971
Roma1971
08.11.2020 14:48 •  Қазақ тiлi

1Сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. «Мәңгілік ел» дегеніміз не?
2. Тоныкөк туралы не түсіндің?
3. Түрік қағанаты туралы қандай мәлімет білдің?
2Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыз : үшінші, түріктер,шеңберді,тайпаларды,данагөйі;
3Салаластың қай түрі?
Далада жер соғып тұр, әрі сіркіреп жаңбыр жауып тұр.
А)Қарсылықты
В)кезектес
С)Ыңғайлас
D)Түсіндірмелі
E)себеп-салдар

2) Және, әрі,да,де,та,те,мен,бен,пен –қай салаласқа жатады?
А)Қарсылықты
В)кезектес
С)Ыңғайлас
D)Түсіндірмелі
E)себеп-салдар
3) Реттік сан есімнің жұрнағы: A) бірінші
B) бесеу
C) бес-бестен
D) бес
E) бірден екі

4) Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз:
А) Тіл жүйрік емес, шын жүйрік.
В) Биіктен кетсең, құлау бар.
С) Бағаласаң,бақытымсың.
D) Кімді айтсаң, сол келеді.
Е) Жалқау үйге де, түзге де қонбайды.
5) Кезектес салаластың шылаулары:
A) бірақ,дегенмен
B) өйткені, сол үшін
C) және,әрі,да
D) не,я,яки
E) кейде, бірде

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Eduard10Kulanov
Eduard10Kulanov
08.11.2020

Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар!

4,4(65 оценок)
Ответ:

Мамандық таңдау деген — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Ат ық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек деп ойлаймын. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек.

Ең алдымен, осы сұрақтарды өз-өзіме қойған кезде, бір сәт болсын үлкен жауапкершілікті сезініп, нақты әрі салмақты түрде ойлана бастадым. Жастық шақтағы мамандығым? Алғаш естіген құлаққа ерсі естіледі екен. Себебі, жастық шақтағы мақсаттардың өзі үлкен-үлкен армандардың бастауы еді. Яғни ол кезде тек армандаумен шектелетін едік. Ал уақыт өте мүлде басқа көзқарастар, мүлде басқа пікірлер қалыптасады екен. Мен өзім жастық шағымда әйгілі суретші боламын деп, армандаушы едім. Әкем шамамен төрт жасымда алғаш рет сурет өнері мектебіне бара бастағанымның құрметіне орай, үлкен бояулар коллекциясын сыйлағанда, екі көзім домалақтанып, қалай қуанғаным әлі есімде. Бүгінде сол арманның ұшқыны қалған ба, әйтеуір бір бүйрегім суретке бұрып тұрады. Ал қазіргі мамандығым… Тіл. Ана тілім. Елімнің биік болашағы. Сауатты ұрпақ. Ойлай берсең, ойлай бергің, қиялдай берсең әсте тоқтағың келмес. Сол әлемнің бір бөлшегі болып, өз қиялында қалқып жүре бергің келеді. Шындығында бұл асыл құндылықтар туралы, мен сияқты шынайы ойлайтындар өкінішке орай қазіргі таңда өте аз.

Мен бұл мамандыққа қалай, қашан келдім? Соңғы сұрағына нақты жауап бере алмасам да, алғашқы сұрақтың жауабын анық білемін. Поэзия, роман, лирикалық жырлар міне осылардың арқасында менің әдебиетке деген, тілге деген қызығушылығым ояна бастады. Лирикалық жырларды оқыған кезде, сезімталдығымның әсерінен болар, ерекше бір сезімге бөленетін едім. Айналадағы барлық құбылыстар, өзгерістер, қарым-қатынастар барлығыда маған тек жақсы жақтарынан көрінетін. Сонымен қатар, елі қуанса, бірге қуанып, мұңайса, бірге мұңайып өткен ғасыр ойшылдары А.Байтұрсынұлы мен Ы.Алтынсариннен бастап, қазіргі ұрпақтың қамын ойлап, ана тілімізді дәріптеп жүрген Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов және де жақын арада ғана қазақ еліне өзінің үлкен мұрасын қалдырып кеткен Фариза Оңғарсынова, Мархабат Байғұт сынды текті жазушылар мен ғұламалардың, айналамдағы мәдениеттілік пен салт-дәстүрді қатаң ұстанатын үлгілі ұстаздарымның арқасында қызығушылығым одан сайын артып, шабытым ұлғая түсті.

«Шабытынды шарықтат, сонда ғалам сен үшін бұрын қамал тұрған жерлерден жол ашады», - деп атақты ағылшын ойшылы Джозеф Кэмпбэлл айтқандай, адам шың жүрегімен қатты қалаған, талпынған ойы міндетті түрде жүзеге асады деп ойлаймын. Ал ол үшін талпыныс қажет. Алға талпыну – тыныштықты жоғалту, бір орында қалып қою – өзіңді жоғалту болып саналады. Одан соң болжау, нақты қайда бара жатырсың, не үшін бара жатырсың, соны болжалдап, нақтылап алып болған соң ғана талпынуымыз керек. Ал жетістіктерге қол жеткізу үшін, әрекет етіп қана қоймай, қиялдауымыз да керек, жоспарлап қана қоймай, сенуіміз керек. Ең бастысы – сенім. Алға қойған мақсаттарым үшін еңбек етсем, сол мақсаттарым болашақта елім үшін, мен үшін еңбек ететін болады. Мен оған сенімдімін. Маған және Отаныма еңбек ететін мақсатты дұрыс таңдағаныма сенімдімін!

Объяснение:

Лучший ответ бола ма?

4,5(55 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ